Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу-басты міндет » "Әлия Молдағұлова атындағы орта мектебі" КММ
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Шу ауданы білім бөлімінің
«Әлия Молдағұлова атындағы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727638) 5-4-13
Есепші бөлімі:
+7(727638) 5-40-13
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу-басты міндет
31
қаңтар
2019

Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу-басты міндет

Әлия Молдағұлова атындағы шағын орталықты орта мектебінде 2019 жылдың 31-қаңтар күні  жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу аясында полиция қызметкерлерінің қатысуымен өткізілген жалпы ата-аналар жиналысы болып өтті.

Шу аудандық ІІ бөлімі жергілікті полиция қызметінің Ювеналдық полиция бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторы Н.Топашев өз сөзінде жасөспірімдер мен кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу жөнінде ата-аналар мен оқушыларға бұл мектепте бұған дейін ешқандай келеңсіз оқиғалар болмағандығын және келешекте де алдын алу шараларын үнемі ата-аналар мен оқушылар естен шығар маса екен деген ойдамын, бүгінде өрімдей жастардың қылмыс жасауы көз үйренген көрініске айналып, елді елең қылып отыр. Тәртібі қиын бала есейген сайын қылмыстың ауыр түрлерін жасауға бейімі арта беретінін ескерсек, бұл аса өткір мәселе екенін мойындауға мәжбүрміз. Жыл сайын жаз маусымы басталып, оқушылар демалысқа шыққанда жасөспірімдердің тәртібін қадағалайтын құқық қорғау органдарының жұ­мысы екі есе көбейеді. Қазақстанда заң бойынша кәмелетке толмаған жас­өспірімдерге түнгі сағат 22.00-ден кейін компьютерлік клубтарда отыруға және түнгі сағат 23.00-ден кейін көшеде ата-анасыз жүруге тыйым салынған. Оқушылар демалысқа шығып, мектеп сабағы мен үй тапсырмасынан қолдары босағанда, мектептегі үйірмелерге қатысып,ата-аналарына қолқабыс тигізіп, отыруы тиіс екендігін айтып, профилактикалық түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Мектептің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Г.А.Уәлиева «Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу-басты міндет» тақырыбында баяндама оқыды.

Сондай-ақ «Қызылша инфекциясының алдын алу» мектеп мед ағасы С.Хасенов сөз алды. Құрметті ата-аналар! Соңғы айлары Қазақстанда қызылшамен сырқаттанушылар жағдайы тіркелген.Балаларыңызға мұқият блуды сұраймыз.Қазіргі кезде қызылша сияқты инфекциялық ауру бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты емес.Соңғы жылдары Еуропаның көптеген елдерінде қызылшамен сырқаттанушылық байқалады.ДДҰ қызылшамен сырқаттанушылықтың себебін қызылшаға қарсы вакцинация мен аз қамтылуы байланыстырып отыр.Бұл Қазақстан аумағында осы инфекцияның әкелінуі және егілмеген тұрғындар арасында оның тез таралуы қаупін арттырады.Қызылша дегеніміз не ол несімен қауіпті?Қызылша-дене қызуының 38-40 0С-қа дейін көтерілуі мен жалпы улануымен,шырышты көз,мұрын жұтқыншақ,жоғарғы тыныс алужолдарындағы қабыну құбылыстары мен,кейіннен бөртпенің пайда болуымен сипатталатын жіті инфекциялық ауру.


 

 

 

 

 




Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив