Су айдынындағы қауіпсіздік ата-аналар жиналысы
Әлия Молдағұлова атындағы шағын орталықты орта мектебінде 13мамыр күні «Су айдындарындағы қауіпсіздік» тақырыбында ата-аналар жиналысы болып өтті.
Жиналысты мектеп директоры Бабасова Қалдыкүл Мұхтарханқызы ашып, күн тәртібімен және Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының 2018 жылғы 8 маусымдағы №03-2963 хатына сәйкес «Су айдындарындағы қауіпсіздік» тақырыбында ата-аналар жиналысының мақсатымен ,балалардың судағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету таныстырып (слайдтар,бейнероликтерді пайдалану, жадынамалар тарату) өтті.
Шу ауданы бойынша жеке кәсіпкерлердің «Ақ Арал», «Бауыржан» бассейндеріне балалардың қауіпсіздігін алдын-алу мақсатында әрбір ата-ананы өз балаларын суға шомылуға үйретуге шақырды. Аудандық білім бөлімі тарапынан «Бәйтерек» жазғы сауықтыру лагері және жеке кәсіпкерлермен келісім шарт бойынша аудандық кестесіне сәйкес балаларды суға шомылуға апаруды ұйымдастыру қажет екендігін ескертті.
«Су айдындарындағы қауіпсіздік» ережелерімен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Уәлиева Гүлғайша жаз мезгілінде балаларды үлкендердің қарауынсыз өзенге,каналға жібермеу керектігін, балаларға суға түсу кезіндегі қауіпсіздік ережелерін үнемі естен шығармау керектігін түсіндіріп отыру қажет, суда тентектік жасауға болмайды. Балаларды судағы қауіпті жағдайлардан қорғау әрбір ата-ана міндеті екендігін естен шығармауымыз керектігін айтып жеткізді. Судағы негізгі қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтап естен шығармау үшін оларға бейнероликтер көрсету арқылы түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, ата-аналарға жадынамалар таратылды. Сондай-ақ мектеп фойесінде «Суға шомылу ережелері» бұрыш ұйымдастырылып, судағы қауіпсіздік ережелері туралы жадынамалар ілінді.




