Мектеп директорының ата-аналарға есебі » "Әлия Молдағұлова атындағы орта мектебі" КММ
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Шу ауданы білім бөлімінің
«Әлия Молдағұлова атындағы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727638) 5-4-13
Есепші бөлімі:
+7(727638) 5-40-13
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мектеп директорының ата-аналарға есебі
29
мамыр
2026

Мектеп директорының ата-аналарға есебі

Шу ауданы білім бөлімінің Әлия Молдағұлова атындағы орта мектебінде «Адал азамат»  біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында қамқоршылық кеңес алдында есеп беру жиыны және жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы өткізілді.
Жиналысқа мектеп әкімшілігі, қамқоршылық кеңес мүшелері, ата-аналар қатысты. Жиналыстың негізгі мақсаты – оқу жылының қорытындыларын саралау, оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және алдағы мемлекеттік емтихандар мен жазғы демалыс кезеңіне байланысты маңызды мәселелерді талқылау болды.
Жиында мектеп директоры А. Е. Тогузаков сөз сөйлеп, оқу жылы барысында атқарылған жұмыстар бойынша қамқоршылық кеңес алдында есеп берді. Сонымен қатар, мектеп өміріндегі жетістіктер мен тәрбие бағытындағы атқарылған жұмыстарға тоқталып, ата-аналармен бірлескен жұмыстың маңыздылығын атап өтті.
Мектеп директоры алдағы мемлекеттік емтихандардың ұйымдастырылуы, оқушылардың емтихан кезіндегі жауапкершілігі, жаз мезгіліндегі қауіпсіздік шаралары және оқушылардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру мәселелеріне кеңінен тоқталды. Сондай-ақ ата-аналарды балалардың бос уақытын қадағалап, олардың қауіпсіздігіне ерекше мән беруге шақырды.
Жиналыс барысында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ш. С. Илкибаева сөз алып, құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Әсіресе мектеп бітіруші түлектердің ата-аналарына кешкі мезгілдегі қауіпсіздік, заң талаптарын сақтау, қоғамдық тәртіпті бұзбау мәселелері бойынша нақты ақпараттар берілді.
Сонымен қатар жаз мезгілінде балалардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында: 
🔹 судағы қауіпсіздік;
🔹 өрт қауіпсіздігі;
🔹 жол қозғалысы ережелері;
🔹 әлеуметтік желілерді, оның ішінде Facebook және басқа интернет платформаларын дұрыс пайдалану мәдениеті жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Жиналыс соңында мектеп директоры А. Е. Тогузаков оқу жылы бойы мектеппен тығыз байланыста жұмыс жасап, бала тәрбиесіне жауапкершілікпен қараған  ата-аналарды Алғыс  хатпен марапаттады.Сонымен қатар жас ұрпақтың сапалы білім мен саналы тәрбие алуында отбасы мен мектеп арасындағы ынтымақтастықтың маңыздылығын ерекше атап өтті.
🤝 «Бала тәрбиесі – баршамызға ортақ іс».
Мектеп пен ата-ана байланысы нығая берсін!

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив