29
мамыр
2020
Қамқоршылық кеңес алдындағы мектеп директоры есебі
Әлия Молдағұлова атындағы шағын орталықты орта мектебінде Шу ауданы әкімдігі білім бөлімінің 2020 жылғы 19 мамырдағы шығыс №05-5051 хатын негізге ала отырып,, ата-аналар жиналысы өткізілді. Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агентігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру жөніндегі 2018-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының орындалуына жүргізілген талдау нәтижесін талқылау бойынша 2020 жылы 2 сәуір күнгі отырыстың хаттамалық тапсырмасына сәйкес, мамырдың 29 күні мектепке бюджеттен бөлінген және 2019-2020 оқу жылындағы оқу-тәрбие жұмыстарының қорытынды есебі туралы мектеп жанындағы қамқоршылық кеңес мүшелері және ата-аналар комитетінің төрайымдары мен мүшелері алдында мектеп директоры Қ.М.Бабасова есеп берді.



