Оқушылар жетістіктері » "Әлия Молдағұлова атындағы орта мектебі" КММ
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Шу ауданы білім бөлімінің
«Әлия Молдағұлова атындағы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727638) 5-4-13
Есепші бөлімі:
+7(727638) 5-40-13
Нашар көрушілер
нұсқасы
Шахмат жарысынан жеңімпаз
12
ақпан
2024
Шахмат жарысынан жеңімпаз
Аудандық 5-6 сынып оқушылар арасындағы өткізілген «мектеп лига»  жарысында шахматтан  Әлия Молдағұлова атындағы орта мектебі оқушылары (командалық) жүлделі ll орынды иеленіп, дипломмен марапатталды.  Жетекшісі: дене шынықтыру пәні мұғалімі Ақсут Ғалымжан  #Құттықтаймыз!
Қазақ күресінен жүлде
29
желтоқсан
2023
Қазақ күресінен жүлде
Әлия Молдағұлова атындағы орта мектебі 2010-2012 жылғы балалар арасында Қазақ күресінен өткен аудандық ашық турнирде 38 кг салмақ дәрежесінде 7 сынып оқушысы Азнабай Бексұлтан  ll орынды иеленіп, дипломмен және медальмен марапатталды.  #Құттықтаймыз!
Қазақ күресінен турнир жеңімпазы
13
қараша
2023
Қазақ күресінен турнир жеңімпазы
Ә. Молдағұлова атындағы орта мектебінде «Балалар жылы» құрметіне, әнші-сазгер, жауырыны жерге тимеген палуан Балуан Шолақ атындағы қазақ күресінен 2010-2012 жылғы кіші жасөспірімдер арасындағы облыстық турнирде 50 кг салмақ дәрежесінде жүлделі lll орынды иеленген Ғалымұлы Әділ дипломмен марапатталды.  #Құттықтаймыз!
«Менің кіші Отаным»  атты аудандық жас тарихшылардың интеллектуалды сайысы
23
қазан
2023
«Менің кіші Отаным» атты аудандық жас тарихшылардың интеллектуалды
«Менің кіші Отаным»  атты аудандық жас тарихшылардың интеллектуалды сайысының «Менің туған өлкем» номинациясы бойынша Ә. Молдағұлова атындағы орта мектебінің 10 сынып оқушысы Болат Айым lll дәрежелі дипломмен марапатталды Құттықтаймыз!
«Эко- юрист» байқауының жеңімпазы
23
қазан
2023
«Эко- юрист» байқауының жеңімпазы
8-10 сынып оқушылары арасында өткізілген аудандық «Эко- юрист» байқауының жеңімпазы Ә. Молдағұлова атындағы орта мектебінің 8 сынып оқушысы Нұрманова Жібек ll дәрежелі дипломмен марапатталды.  Құттықтаймыз!
Қазақ күрес жеңімпаздары
23
қазан
2023
Қазақ күрес жеңімпаздары
Әлия Молдағұлова атындағы орта мектебінде Тортайұлы Шопан атамыздың 100 жасқа толуына орай қазақ күресінен жасөспірімдер арасында өткен ашық турнирінің 23 кг салмақта жүлделі lll  орын иегері Сағатбай Елдар, 38 кг салмақта lll орын иегері Азнабай Бексұлтан, 50 кг салмақта l орын иегері Ғалымұлы Әділ, 55 кг салмақта lll орын иегері Ниетбек Мейрамбек дипломдармен және медальдармен марапатталды.  Құттықтаймыз!
Жарыстар жеңімпазы
20
ақпан
2023
Жарыстар жеңімпазы
Әлия Молдағұлова атындағы орта мектебінде 5 – 10 сынып оқушылары арасында өткізілген «Табиғатын сүйемін туған елдің» атты аудандық көркемсөз оқу байқауының жеңімпаздары 6 сынып оқушысы Бақтыбек Жамбыл I дәрежелі дипломмен,9 сынып оқушысы Мұңалбекова Зейнеп II дәрежелі дипломмен,8 сынып оқушысы Нәдірбек Айсұлу II дәрежелі дипломмен ,5 «а» сынып оқушысы Бақытжан Сезім III  дәрежелі дипломмен,7 сынып оқушысы Нәдірбек Балым III  дәрежелі дипломмен марапатталды. Құттықтаймыз!
Оқушы жетістігі (сәндік қолданбалы өнер)
17
ақпан
2023
Оқушы жетістігі (сәндік қолданбалы өнер)
Аудандық "Алтын қазына" атты көркем және сәндік-қолданбалы балалар шығармашылығы байқауынан мектебіміздің 5 сынып оқушысы Жанарбек Мерей ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
Волейболдан оқушы жетістігі
17
ақпан
2023
Волейболдан оқушы жетістігі
Әлия Молдағұлова атындағы орта мектебінде «Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 34 жыл толуына» орай волейболдан аудандық жарыста «Үздік байланыстырушы» атанған 5 «ә» сынып оқушысы Азнабай Аружан дипломмен марапатталды.
Волейбол жарысынан жеңімпаздар
16
ақпан
2023
Волейбол жарысынан жеңімпаздар
Әлия Молдағұлова атындағы орта мектебінде «Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 34 жыл толуына» орай волейболдан өткізілген аудандық жарыста қыздарымыз  III дәрежелі дипломмен және медальдармен марапатталды. Құттықтаймыз!