"Жаңа оқу жылына дайындық" ата-аналар жиналысы
27 тамыз 2018 күні Әлия Молдағұлова атындағы шағын орталықты орта мектепте «Жаңа оқу жылына дайындық» мәселесі бойынша жалпы ата-аналар жиналысы болып өтті. Жиналысқа 54 ата-ана қатысты. Жиналыста «жаңа оқу жылына дайындық,"Мектепке жол" акциясының жүргізілу барысы, ыстық тамақпен қамтылуы, оқулықпен қамтылуы туралы мәселелер қойылды.
Мектеп директоры Қ.М.Бабасова 2018-2019 оқу жылына дайындық жұмыстары бойынша: математика және 1-сынып бөлмесіне интербелсенді тақтамен жабдықталғандығын, 25 кабинетке waifai интернет желісі орнатылғандығын. мектептің ішкі және сыртқы жұмыстарына 40л ақ сыр,20 л қоңыр сыр,40 л сұр сыр жұмсалғандығын атап өтті. Мектеп жаңа оқу жылына дайын екенін айтты.
Оқушылардың ыстық тамақпен қамтылуы бойынша әлеуметтік педагог Ғ.Ақсүт биылғы жылғы 2018-2019 оқу жылында аз қамтылған көпбалалы ыстық тамақпен 17 оқушы қамтылғандығын айтты.
Оқушылардың оқулықпен қамтылуы жайында мектеп кітапханашысы Б.Молдахунова: Биылғы 2018-2019оқу жылы мектеп жаратылыстану бағытына көшті. Барлық сыныптар 100% оқулықпен қамтылды. Жаңартылған білім бағдарламасына байланысты 3-5-6-7-8 сыныптар оқулықтармен түгел қамтылды.