«Білімді ұлт – білім берудің және отбасылық құндылықтардың сапасы» » "Әлия Молдағұлова атындағы орта мектебі" КММ
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Шу ауданы білім бөлімінің
«Әлия Молдағұлова атындағы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727638) 5-4-13
Есепші бөлімі:
+7(727638) 5-40-13
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Білімді ұлт – білім берудің және отбасылық құндылықтардың сапасы»
15
мамыр
2018

«Білімді ұлт – білім берудің және отбасылық құндылықтардың сапасы»

       15 мамыр  2018 күні мектепте халықаралық  отбасы күніне байланысты «Білімді ұлт – білім берудің және отбасылық құндылықтардың сапасы»атты жалпыұлттық ата-аналар жиналысы болып өтті.

Жиналыстың мақсаты:

ата-аналарды мемлекеттік білім беру саясатының бағыттары, орта білім беру жүйесінің жетістіктері туралы хабардар ету және мектепті басқаруда педагогтар мен ата-аналардың күш-жігерлерін біріктіру.

Ата-ана жиналысындағы күн тәртібінің мәселелері:

1.«Жыл табысы»: республиканың, өңірдің, мектептің білім беру жүйесінің жетістіктері;

2.Мектеп оқушыларын тәрбиелеудің негізі ретінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру;

3.11 сынып білім алушыларын қорытынды аттестаттау және оқу жылының қорытындылары;

4.Оқу процесін цифрландыру;

5.Мектептің қамқоршылық кеңестерінің қызметі және отбасы мен мектептің өзара іс-қимылын күшейту.

Тыңдалды:

Мектеп директоры Қ.М.Бабасова өз сөзінде жиналысқа қатысқан ата-аналарды Халықаралық отбасы күнімен құттықтап,ыстық ықыласын білдіріп, бұл мереке қазіргі әлемде әрбір «қоғамның ұясы» маңызды екендігін еске салды.Отбасы қоғамның негізгі элементі ретінде тұрақтылық пен даму факторы екендігін, Отбасының арқасында мемлекет нығая түседі және дамиды, халықтың әл-ауқаты артатынын отбасының амандығы – елдің даму және ілгерілеу өлшемі екендігін мәлімдеді.Отбасы құндылықтары тақырыбынды бейнероликтер ұсынып, ата-аналармен бірлесіп ой бөлісіп, жиналыстың күн тәртібімен таныстырып өтті. Сондай-ақ Облыстық №02-2405 хатына сәйкес ҚР Білім жән ғылым министрлігінің тапсырмасына сәйкес,Bilim Media Group тобы ұсынатынбарлығы онлайн, барлығы бір жерде шоғырланған отандық озық білім алу құралы туралы бейнеролик көрсетілді.

1-ші мәселе бойынша «Жыл табысы»: республиканың, өңірдің, мектептің білім беру жүйесінің жетістіктері жайында директордың оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасары З.А.Диханбаева өз баяндамасында «Еліміздің ертеңі-бүгінгі жас ұрпақтың қолында,ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында» деп Елбасымыз айтқандай қазіргі заман талабы шәкірттің терең білімімен құзіреттілігіекендігін айта отырып,Биылғы жылғы оқушыларымыз бен ұстаздарымыздың жетістіктеріне тоқталды.Республикалық-21 оқушы.Облыстық -3 оқушы,аудандық-21 оқушы жүлделі орындарға ие болды.Сорнымен қатар, Республикалық Қ.Біттібаева атындағы республикалық олимпиаға 11-сынып оқушысы Г.Шәми қатысып, ІІ-орынды иеленді.Республикалық«Алаш ұстазы» медалімен физика пәні мұғалімі Қ.М.Бабасова мен орыс тілі пәні мұғалімі Ғ.Қартабаева,геграфия пәні мұғалімі М.Итикова марапатталды.Облыстық «Жол қозғалыс инспекторы» слетінде ІІ орынды иеленген осындай жетістіктерімізбен таныстырып өтті

 2-ші мәселе бойынша Мектеп оқушыларын тәрбиелеудің негізі ретінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жайында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.А.Уалиева баяндамасы тыңдалды.Баяндама барысында рухани жаңғыру бағдарламасының бірнеше принциптеріне бейне ролик көрсете отырып ,баяндады.

«Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасының «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасының мақсаты-біртұтас ұлттық бәсекеге қабілетті, сындарлы, күшті, шығармашылық, патриот және белсенді тұлғасын қалыптастыру, жетістікті болашақтың іргетасы тәрбие мен білім беру салты болып табылатынын осы мақсаттарды жүзеге асыруда мектепте атқарылып жатқан іс-шараларды айтып, ата-аналарды таныстырып өтті.

«Отаным-тағдырым» базалық бағыты бойынша «Туған жерге тағзым» киелі поэзия әлеміндеөзіндік үні, ажары бар,сырлыда нәзік өлеңдеріменоқырман қауымын елеңеткізіп, жырымен тербеп жүрген, Шуауданының құрметті азаматы Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, ақын, Еңбек ардагері Мамытұлы Базарбай Асқар тегімен өткен кездесу кештер туралы айтып өтті. «Өлкетану» базалық бағыты бойынша Тараз қаласына « Қазақ телевизиясының» 60 жылдығына журналистика саласына бет бұрған бірқатар оқушылар барып саяхаттап қайтты.Сондай-ақ мектепте Отанға, отбасына деген құрмет сүйіспеншілікті дамыту мақсатында өткізілген түрлі іс-шараларға тоқталып өтті.

3-мәселе бойынша директордың оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасары З.А.Диханбаева Ата-аналарды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығымен бекітілген Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылаудың, оларды аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгілікқағидаларымен таныстыра отырып,ҰБТ бойынша бейне роликтер көрсетілд,.Биылғы оқу жылында 11 сынып білім алушылардың жалпы саны 9 оқушы,білім сапасы 78% екендігін айтты.11 сынып білім алушылары 5 емтихан түрінде қорытынды аттестаттау тапсыратынын ,олардың біреуі таңдау пәні бойынша (дүние жүзі тарихы,биология)болатынын жеткізді.

Мектеп психологы Г.Жауғашева 11-сынып оқушыларының қорытынды аттестаттау кезеңінде отбасы мүшелеріне арналған психологиялық қызметінің ұсынымдарымен таныстырып, ата-аналарға бейне ролик көрсете отырып, тренинг жүргізді.

4-мәселе бойынша информатика пәні мұғалімі А.Аралбаев, Оқу процесін цифрландырутуралы бейнеролик көрсете отырып, өз сөзінде оу процесін цифрландыру, ата-аналармен байланыс жасаудың тиімді жолы,электронды күнделік туралы баса айтты.Сондай-ақ ата-аналарды компютерлік сауаттылыққа үйрету,үйде отырыпмектеппен электронды жүйе арқылы байланысу, баланың білім сапасын қадағалауға болатыны туралы түсінік берді.

Мектеп директоры Қ.М.Бабасова осы мәселе төңірегінде Н.Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі жаңашылдық, робот құрастыру технологиясын біздің де қолға алуға болатынын және де осы техниканы алдағы оқу жылында қолға алатынын айтып түсіндірді.

5-мәселе бойынша мектеп директоры: Қ.М.Бабасова Қ.Р.Білім және ғылымминистрлігінің 2017 ж 27 шілдедегі №355 бұйрығымен бекітілген «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оның сайлау тәртібінің үлгілік қағидалары» ережесімен таныстырып өтті.

Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Ә.Кебісбаев ата-аналарға 2017-2018 оқу жылындағы мектептің Қамқоршылық кеңесінің қызметімен таныстырып, қамқоршылық негізінде көпбалалы,жағдайы төмен отбасыларға демеушілік көмек көрсетілгені туралы туралы айтты.Қамқоршылық кеңестің биылғы жылғы есебімен таныстыра отырып,келесі жылға қамқоршылық кеңеске мүше боламын деушілерге өтініш беруге болатындығы жөнінде хабарламалар мектептің сайтына орналасқандығын айтып жеткізді.

Ата-ана комитетінің төрайымы Ш.Қанафинова биылғы жылғы мектепте атқарылып жатқан іс-шараларға әрдайым көңіліміз толады.Біз де қолымыздан келгенше өз балаларымыз үшін, солардың өсіп өнуі жолында ұстаздарымыздың еңбегі ерекше екендігін бағалай отырып,бүгінгі отбасы мереке қарсаңында ізгі тілегін білдірді.

 

 

 

 

 


 

 


 


 


 


 


 


 


 


 


 

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив