Ауған соғысы іс-шаралары » "Әлия Молдағұлова атындағы орта мектебі" КММ
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Шу ауданы білім бөлімінің
«Әлия Молдағұлова атындағы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727638) 5-4-13
Есепші бөлімі:
+7(727638) 5-40-13
Нашар көрушілер
нұсқасы
13
ақпан
2018

Ауған соғысы іс-шаралары

15 ақпан 2018 күні Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 29 жыл толуына орай жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында мектепте жоспар бойынша бірқатар жұмыстар атқарылды. Мектеп кітапханашысы Б.Молдахунованың ұйымдастыруымен «Ешкімде ешқашан ұмытылмайды» кітап көрмесі жасалынды. 2-3-4-5 сыныптар арасында сынып жетекшілердің ұйымдастыруымен «Болмасын, соғыс болмасын!» атты сурет байқауы өтілді. 5-сыныпта Жаслан Қарақаттың суреті үзік деп танылып, марапатталды.Тарих пәні мұғалімі А.Айдаркулованың ұйымдастыруымен «Ауғанстан ақиқаты» тақырыбында 11-сыныпта бейне роликтер көрсете отырып,ауған соғысы жайында көптеген мағлұматтар берді.5-сыныпта К.Құрманбекованың ұйымдастыруымен «Мен елімнің жас патриотымын» тақырыбында сынып сағаты өтілді. Мақсаты:жас ұрпақтың патриоттық сезімдерін оятып,Отан үшін отқа түскен жауынгерлердің ерліктерімен таныстыра отырып,елжандылыққа, отансүйгіштікке, ізгілікке баулып тәрбиелеу.13-ақпан күні АӘД пәні мұғалімі Қ.Қанафин және Тәлімгер Б.Джилкибаеваның ұйымдастыруымен «Ауған асқан жауынгерлер» атты кездесу кеші болып өтті. Кездесу кешіне ауған соғысына қатысқан жауынгерлер Қ.И.Төлеуов, Көкеев Дәулет пен Көкеев Мұхтар сияқты қадірлі қонақтары шақырылды. Кездесу кешті мектеп басшысы Қ.М.Бабасова ашып,іс-шараның маңыздылығын атап, ауған соғысына қатысқан жауынгерлерге алғысын айтты.Оқушылар қонақтарға өз ойларында жүрген сұрақтарын қойып, жауаптарын алды.Ерлердің ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ете отырып,жастарды ұлтжандылыққа,Отанын сүюге тәрбиелеуді мақсат тұтқан кеште ұл-қыздар Отан,туған жер,ерлік жайындағы ақын жазушылардың өлеңдерін оқып,тарихи кезеңге шегініс жасады.

Ауған соғысы іс-шаралары

 

 

Ауған соғысы іс-шаралары

 

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив