Мектеп директорының жылдық есебі
Әлия Молдағұлова атындағы орта мектебінде 2022 – 2023 оқу жылының аяқталуына байланысты жалпы мектепішілік ата – аналар жиналысы өтті.
Күн тәртібінде:
1.Мектеп директорының жылдық есебі.
2.Оқушылардың жаз мезгіліндегі қауіпсіздік ережелері.
3. Оқушылардың жазғы сауықтыру лагеріне қамтылуы.
4.Мемлекеттік емтихан IХ,ХI сыныптар.
5.Әртүрлі мәселелер
Жиналыс барысында мектеп директоры А.Е.Тогузаков жылдық қорытынды есебін беріп,ата – аналарға қауіпсіздік ережесі талаптарын балалардың қатаң сақтау керектігі және жазғы демалыс кезіндегі балалардың өмір қауіпсіздігін сақтау бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп,балалардың жаз кезіндегі дұрыс демалуы,тынығуы,қала сыртындағы лагерге баратын оқушылардың тізімі ата – аналарға таныстырылды.Әртүрлі мәселелер бойынша мектеп бітіру кештері,серуендеуге,ұстаздарға сыйлық ұйымдастыруға,заңсыз ақша жинауға тыйым салынатыны туралы ата – аналарға ескертілді.




