Менингокок абай болыңыздар! » "Әлия Молдағұлова атындағы орта мектебі" КММ
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Шу ауданы білім бөлімінің
«Әлия Молдағұлова атындағы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727638) 5-4-13
Есепші бөлімі:
+7(727638) 5-40-13
Нашар көрушілер
нұсқасы
07
маусым
2018

Менингокок абай болыңыздар!

Менингококктық жұқпа және оның алдын алу шаралары

 Менингококктық жұқпа – бұл адамдарда ғана болатын ауру. Ауа-тамшылары арқылы беріледі және менингококк бактериясын тасымалдаушыдан менингит және менингококктық сепсиске дейін өте жедел өтетін, клиникалық белгілерінің әралуандығымен сипатталатын жұқпа: Клиникалық белгілерінің ауырлығына қарамастан бұл ауру өте сирек кездеседі.

Менингококктық жұқпаның қоздырғышы Neisseria meningitidis бактериясы болып табылады, ол қоршаған орта температурасының және ауа ылғалдығының өзгеруінен, ыстық күн сәулесінің әсерінен,  жалпы адам ағзасынан тыс жерде 30 минуттан кейін жойылып кетеді.

Шығыс Қазақстан облыс аумағында айқын маусымдылық байкалмайды, аурушаңдық жыл бойы  тіркеліп отырады, аурушаңдық деңгейі күз мезгілінде шамалы көтеріледі.

Жыл сайын облыс бойынша менингококктық жұқпаға күдікті 4-6 адам ауруханаға жатқызылады. Облыс бойынша 2017 жылдың өткен 8 айында менингококктық жұқпаның  расталған 4 жағдайы - 14жасқа дейінгі балалар мен  жүкті  әйелдер арасында тіркелген.

Мұрын мен тамақтан және жоғары тыныс жолдарынан бөлінен менингококктық жұқпа  қоздырғышы ауа-тамшылары арқылы жөтелген, түшкірген кезде таралады. Менингококк қоршаған ортада жылдам жойылатындықтан ауруды жұқтыруда науқас баламен қатынаста болған уақыттың  ұзақтығы, бөлмедегі, әсіресе сирек желдетілетін қоғамдық орындардағы  балалардың көптігінің маңызы зор. Жас сәбилер ауруды ағзасында менингококк қоздырғыштары бар бактерия тасымалдаушысы болып табылатын немесе  осы  жұқпамен науқастанған  ата-аналарынан, туыстарынан жұқтырады.

 Ауру жұқтыруға бейімділік  өте жоғары. Менингококктық жұқпаның жасырын кезеңі 2-4 күн.Ауруға әр түрлі жас шамасындағы адамдар, көбінесе мектеп жасына дейінгі  балалар шалдығады. Менингококктар 4% сау адамдардың мұрындары мен тамақтарында анықталады.

Мұндай тұлғаларда жұқпаның белгілері байқалмайды ( бактерия тасымалдаушы), немесе жұқпа көзі болып саналатын адамдарда  назофарингит түрінде жүреді. Менингококктық жұқпада бактерия тасымалдаудың орташа ұзақтығы  2-3 аптаға, кейбір адамдарда  6 және одан да көп аптаға дейін созылады(мұрыны мен тамағында созылмалы қабыну ошағы болған жағдайда )

Аурудың клиникалық белгілері бойынша жұқпаның келесі түрлері болады:

  1. Менингококктық назофарингит - оның жіті респираторлық вирустық жұқпалардан(ЖРВЖ ) еш айырмашылығы жоқ.
  2. Асқынған, аурудың бүкіл ағзаға таралған, өте ауыр, жедел өтетін менингококтық менингит түрі   жедел басталады.  Дене қызуы кенеттен 39-40С0 градусқа және одан да жоғары көтеріледі. Ата-аналар кейде баланың ауырған уақытын дәл айтып бере алады. Науқастың негізгі шағымы–бастың маңдай және желке тұсы қатты ауырып, шыдатпайды және ауру жылдам күшейе бастайды.    Жұқпаға мынандай ауру белгілері тән: қозу, қобалжу, естен тану және менингиалдық белгілер- желке етінің тартылуы. Жөтелдің пайда болуы, мұрынның  бітелуі, тамақ пен  іштің ауруы мүмкін.
  3. Менингококктық сепсис (менингококкцемия) ауру қоздырғыштары қан арқылы әртүрлі  ағзаларға және тіндерге таралады Бұл жағдайда ауру өте жылдам дамиды.  Аурудың сағаттарында аспандағы жұлдыз тәрізді  геморрагиялық бөртпелер пайда болады.

Менингококтық аурулардың клиникалық өтуі және науқастың жазылуы ауруды дер кезінде анықтауға және дұрыс емдеуге байланысты. Менингитпен ауырған науқастың медициналық көмекке бір тәуліктен кейін жүгінуі кеш болып саналады.

Менингококк жұқпасының таралуының алдын алуда ересектердің және балалардың ұйымдастырылған  мекемелерінде  жалпы санитариялық-гигиеналық тәртіпті сақтаудың маңызы зор.

 Маңызды алдын алу шараларына менингококк тасымалдаушыларын анықтау және оларды сауықтыру,  ауру  белгілері байқалған кезде дәрігерге дер кезінде қаралу  болып табылады.

Менингококктық жұқпамен ауырмау үшін:

  1. суық тиюден сақтану;
  2. адамдар көп жиналатын жерлерге жиі бармау;
  3. үй-жайларда күнделікті жуып, тазалап, желдетіп отыру;
  4. жеке бас тазалығын сақтап,  қолды мүмкіндігінше  жиі  жуу;
  5. дәрумендерге бай тағамдарды қолдану, жалпы күш беретін дәрумендерді пайдалану, дене шынықтыру жаттығуларымен және  шынығумен  ағзаны шыңдау;
  6. суық тию белгілерімен байқалатын ауруларға (тұмау, жөтел және т.б.) немқұрайды қарамау, оларды дер кезінде емдеу, тым қатты бас ауырып, дене қызуы көтерілген кезде бірден дәрігерге  қаралу.

Похожие публикации:

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив