Қамқоршылық кеңес алдындағы мектеп директорының есебі » "Әлия Молдағұлова атындағы орта мектебі" КММ
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Шу ауданы білім бөлімінің
«Әлия Молдағұлова атындағы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727638) 5-4-13
Есепші бөлімі:
+7(727638) 5-40-13
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Қамқоршылық кеңес алдындағы мектеп директорының есебі
29
мамыр
2020

Қамқоршылық кеңес алдындағы мектеп директорының есебі

Ә.Молдағұлова атындағы шағын орталықты орта мектебі

2019 – 2020 оқу жылындағы мектеп директоры Қ.М.Бабасованың 

қамқоршылық кеңес алдындағы есебі


Бүгінгі таңда жас ұрпаққа саналы тәрбие сапалы білім беру – мұғалім құзіретіндегі игі іс екендігі ұстаздарға белгілі.Оқушылардың сапалы білім алуына оңтайлы жағдай жасау және рухани бай,физикалық және адамгершілік тұрғыдан жетілген,өзін – өзі дамытуға,тәрбиелеуге,іс – жүзінде танытуға және анықтауға қабілетті тұлғаны тәрбиелеу.Осыған орай жас ұрпақты «Бәсекеге қабілетті тұлға» етіп қалыптастыру қазіргі кезеңде ұстаздардың алдындағы үлкен міндет.Оны жүзеге асыруда ұстаздарымыз барлық технологияларды жетік меңгеріп,жүйелі жұмыстар атқарылып келеді. 

Ұжымның 2019/2020 оқу жылындағы жұмысының мақсаты:

Оқу –оқытудың негізгі идеяларын оқу процесіне енгізу, білім алушыларды оқуға білімге деген қызығушылығын арттыру арқылы нәтижеге қол жеткізу

Негізгі міндеттері: 

1. Оқу мен оқытуда жаңа әдіс –тәсілдер арқылы оқушылар мен мұғалімдердің құзіреттілігін дамыту.

2. Өзін – өзі басқару орталығының жұмысын жандандыру.

3. Білім алушылардың жүйелі түрде кітап оқуына басшылық жасау.

4. 2019/2020 оқу жылына арналған мектептің оқу жұмыс бағдарламасымен;

5. 2019/2020 оқу жылына арналған әдістемелік нұсқау хатпен.

6.Білім алушылардың  зияткерлік, шығармашылық деңгейін дамыту.

7.Оқушылармен жұмысты дұрыс жолға қою арқылы нәтижеге жету. 

8.Мұғалімдердің ақпараттық мәдениеті  мен компьютерлік сауаттылығын жоғарылату. 

      2019-2020 оқу жылында мектеп педагогтерінің саны 28 адамды құрайды, оның ішіндегі 25 адамның жоғары педагогикалық білімі бар, 3 адамның орта арнайы педагогикалық білімі бар, 1 мұғалім сырттай оқиды. Мұғалімдердің біліктілігі бойынша  жоғары санатты-2(7,14%), Бірінші санатты-7(25%), Екінші санатты-7(25%), Педагог-модератор-2(7,14%),  Педагог-сарапшы-3 (10,71%), Педагог-зерттеуші-1. (3,5%),Санатсыз-8(28,5%). 

        Мұғалімдер  өз пәні бойынша жаңартылған білім беру мазмұнын жетілдіру курсынан толықтай    өтті. 

    Биылғы оқу жылындағы білім беру процесінің тұлғалық өсуі және шығармашылық жұмысы нәтижесінде төмендегідей білім сапасына қол жеткіздік. Білім сапасы -70%

Жалпы оқушылар саны – 131. Бастауыш -57, орта  - 64, жоғары – 16


Сыныптар бойынша оқушылардың саны

Барлығы


1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11


Жалпы оқушылар саны

8

21

15

13

13

11

13

12

9

9

7

131


Үздіктер

3

8

5

6

5

3         

2

3

1

0


34

Екпінділер

4

9

6

5

5

4

7

4

4

6

4

58

Орташа

1

4

4

2

5

4

4

5

4           

3

3

39

Үлгермеушілер

-

-

-

-

-

-

-

-

-


-


Аттестатталма ғандар

-

-

-

-

-

-

-

-

-


-


Білім үлгерімі

100%

100%

100%

100%

100%

100%

100%

100%

100%

100%

100%

100%

Білім сапасы

87%

80%                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                        

73%

84%                                             

6%                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                       

63%                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                             

69%

58%

55%

66%

57%

70%

Жиыны 

  • үздіктер -34 оқушы;
  • екпінділер  58 оқушы;
  • үлгеретіндер – 39 оқушы;
  • үлгермейтіндер – _0_ оқушы;
  • сапа – _70_ %;
  • оқу үлгерімі – _100_ %.


      Педагогикалық тәжірибені жалпылау,тарату және тереңдету үшін мұғалімдер өз еңбектерімен, тәжірибесімен бөлісіп түрлі жарыстарға,қашықтық олимпиадаларға қатысып,нәтижесінде жүлделі орындарға ие болды.

Республикалық  қашықтықтан олимпиада I,II дәрежелі диплом жүлдегерлері:

 З.Диханбаева,Ш.Илкибаева,Б.Жылқыбаева ,Г.Жаугашева.

Облыстық  А.Құнанбаевтың 175 жылдығына орай өткізілген “Абайды оқы,таңырқа” байқауының жеңімпазы Нұрманова Қарлығаш.

Республикалық “Кемеңгер ұстаз” олимпиадасының жүлдегерлері 

Джилкибаева Бота , Сабекова Мархабат, Диханбаева Замзагуль ,Құрманбекова Камшат   Илкибаева Шолпан ,Аралбаев Аян, Нұрмағанбетова Камшат,Жүнісбеков Айдар, Ақсут Ғалымжан , Айдаркулова Ақерке, Жаугашева Гауһар.

Облыстық биология пәнінен ұстаздар арасында олимпиадасының жеңімпазы 

Б.Жылқыбаева.Республикалық онлайн “Үздік ашық сабақ” атты конкурс жүлдегері Б.Жылқыбаева.


     Оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту барысында түрлі байқауларға қатысып,нәтижесінде жүлделі орындарға ие болды.

Аудандық пән олимпиадасына Қазақстан тарихы пәнінен қатысып III дәрежелі диплом иегері Әлжан Мағжан Аудандық пән олимпиадасына Биология пәнінен қатысып III дәрежелі диплом иегері Нұрдәулет  Гүлнұр . Республикалық Абай   Құнанбаевтың 175 жылдығына орай рухани-патриоттық байқауына қатысып I дәрежелі  диплом иегері Көшен Ақбота,Әлжан Мағжан марапатталды. Республикалық “Ақбота” интеллектуалды   марафонының жүлдегерлері Әлжан Құралай – 8 сынып,Нуридин Азамат – 7 сынып ,Нәдірбек Айсұлу – 5 сынып ,Болат Айым – 6 сынып ,Әбдіқадыр Жансая – 6 сынып ,Мұңалбекова Зейнеп – 6 сынып ,Жанарбек Мирас – 4 сынып ,Көшен Еркеназ – 4 сынып ,Айтжан Айдана – 8 сынып, Көшен Ақбота – 7 сынып,Шәми Нұрсерік – 7сынып оқушылары дипломдармен марапатталды. Республикалық “Алтын тобылғы” зияткерлік ойындарының жүлдегерлері Бақтыбек Мадина – 5 сынып ,Үсенбек Айдос – 6 сынып ,Мұңалбекова Зейнеп – 6-сынып Құмарбек Назым – 5 сынып ,Әбдіқадыр Жанерке – 9 сынып ,Бақтыбек Ерболат – 9 сынып оқушылары дипломдармен марапатталды. Халықаралық даярлық сыныбының “Человек и природа” ойыны байқауының жүлдегерлері  Бестерекбай Жадыра – даярлық сынып ,Сарсенқұл Бекасыл - даярлық сынып ,Нуридин Інжу- даярлық сынып ,Саке Ақзер - даярлық сынып оқушылары дипломдармен марапатталды. Халықаралық ағылшын тілі пәнінен “Бридж Булдог” байқауының жүлдегерлері Әбдіқадір Жансая – 5 сынып ,Шами Нұрсерік – 7 сынып ,Көшен Ақбота – 7 сынып ,Айтжан Айдана – 8 сынып, Нуридин Азамат – 7 сынып оқушылары марапатталды. Е.Б.Бекмаханов атындағы республикалық “Қазақстан тарихы” олимпиадасының жүлдегерлері Әлжан Құралай – 8 сынып ,Әлжан Мағжан – 11 сынып ,Шәми Нұрсерік – 7 сынып ,Нәдірбек Ернұр – 11 сынып , Үсенбек Айдана – 8 сынып оқушылары марапатталды. Республикалық “Қазақстан ұстаздары” қоғамы ұйымдастырған “Информатика” пәні бойынша қашықтық олимпиада жүлдегерлері Шами Нұртілеу – 10 сынып ,Аханұлы Ералхан – 9 сынып оқушылары дипломдармен марапатталды. Республикалық қашықтық олимпиада “Математика” пәнінен онлайн олимпиада жүлдегерлері  Шәми Нұрсерік – 7 сынып ,Айтжан Айдана – 8 сынып оқушылары дипломмен марапатталды.

    2019-2020 оқу жылының тәрбие жоспары Қазақстан Республикасы   Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы   «15» сәуірдегі  №145 бұйрығымен бекітілген  «Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерін» басшылыққа ала отырып, 8 бағыт бойынша жасалынып бекітілді . 

Жалпы сынып комплектісі- 12.Жыл басында сынып жетекшілер тағайындалып,оқушылардың әлеуметтік жағдайы туралы мәліметтер жинақталып, тәрбие жоспарының басты бағыттары белгіленді. 

Мақсаты: Ұлттық құндылықтарды қастерлей білетін, дені сау,білімді ұрпақ тәрбиелеу

Міндеттері:

Қоғамда өмір сүруге қабілетті азамат болып қалыптасуына ықпал ету. 

Тұлғаның рухани- адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға ықпал ету. 

Ұлттық құндылықтарға бағдарлануына,дәстүрлер мен ана тілін құрметтеуіне ықпал ету. 

Бала тұлғасын қалыптастыруда ата-аналармен ағарту жұмысын,бала тәрбиесі үшін жауапкершілігін арттыруға ықпал ету. 2019-2020 оқу жылына арналған тәрбие жұмысының жылдық жоспары жасалып, бекітілді. 

Жоспар бойынша атқарылған жұмыстарға  тоқталсақ, «1-қыркүйек білім күніне»байланысты өткен«Алғашқы қонырау» салтанатты жиыны өтті.. Білім  күніне арналған 2019-2020 оқу жылындағы «Саналы ұрпақ-жарқын болашақ»тақырыбында алғашқы сабақ өтілді. Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауында атап көрсетілген патриотизмді қалыптастыру. Оқушыларды Отанды сүюге,құрметтеп қастерлеуге,өз елін,тегін,тарихын білуге,патриоттық,эстетикалық,адамгершілікке тәрбиелеу мақсатында «Алғашқы қонырау» өз дәрежесінде өтті.

4 қыркүйек пен 9 қыркүйек аралығында «Қазақстан халықтары тілдері» күні мерекесіне орай «Тіл-халық мұрасы» атты апталықтың ашылуы өтіп,іс-шара жоспарымен таныстырып,жоспар бойынша төмендегідей жұмыстар атқарылды.Барлық сыныптарда  қабырға газеттері шығарылып,«Тіл-халықтар достығының кепілі» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. 

 7-қыркүйек күні мектепте «Денсаулық фестивалі»өтіп аталған іс-шара бойынша жұмыстар атқарылды. Іс -шара барысында, салауатты өмір салтын ұстануға,комплексті спорттық жаттығулар өтіп,қозғалыс ойындары өтті. Жастар орталығының маманы Н.Қилыбайдың ұйымдастыруымен «Толағай» отбасылық сайысы өтті. 6-14 қыркүйек аралығында «Отбасы – бақыт мекені» атты апталық өткізілді.

9.09 күні мектеп кітапханасында «Кітап және отбасы» көрме ұйымдастырылды.18 қыркүйек пен 30 қыркүйек аралығында «Әкелер бізде қонақта» онкүндігі өткізілді. "Мен және менің отбасым" (1-4 сыныптар),   "Менің әкем-ғажап жан" (5-7 сыныптар), "Әке жолы-ізгі жол"(8-11 сыныптар) тақырыптарында сынып сағаттары өткізілді. 

12 тамыз – 10 қазан аралығында  мектепте «Қауіпсіз   мектеп   автобусы » акциясы өтті.Акция  барысында   арнайы  бұрыш  ұйымдастырылып, сынып жетекшілер оқушыларға түсіндірме жұмыстарын жүргізді . 

  25 қыркүйек пен 4 қазан аралығында «Ұстазым - ұлағатым» апталығы өткізілді.Кітапханашы Б.Молдахунованың ұйымдастыруымен кітапханада   «Алғашқы ұстазым» атты  бұрыш  ұйымдастырылып, 1-11 сыныптар арасында «Ұстаз - ұлы есім!» тақырыбында бірыңғай ашық тәрбие сағаттары өткізілді. «Мұғаліміңді құттықта» акциясы бойынша Жас Ұландықтар өзін-өзі басқару   бойыншасүйікті ұстаздарына деген ілтипатын жолдады.«Ұстазым - ұлағатым»  атты мерекелік концерттік бағдарлама ұйымдастырылды..Мерекелік бағдарлама мектеп директорының құттықтау  сөзімен басталып,шығармашылық еңбекпен зор табыстарға жеткен ұстаздарды марапаттады.Зейнетке шыққан ұстаздармен кездесу өткізіліп,оларға мерекелік  гүл  шоқтары мен сыйлықтары табысталды. 24 қазан күні мектебімізде "Алтын күз -2019" тақырыбында күз мерекесіне арналған5а,6а,7а сынып аралығында байқау ұйымдастырылды.Мақсаты:Оқушыларды мәдениеттілікке,еңбексүйгіштікке тәрбиелей отырып,күз мезгілі туралы алған білімдерін тиянақтау.Осы мақсатты жүзеге асыру жолында оқушыларға жоспар бойынша бағдарлама берілді.Бұл байқаудаI орынды 7 сынып,II орынды 5 сынып,III орынды 6 сыныптар иеленді.26-қазан күні 8-10 сыныптар арасында «Күз ханшайымы мен ханзадасы - 2019» байқауы өтті.Бағдарламалар бойынша оқушылар жан-жақты дайындалып,өз өнерлерін көрсете білді.Байқау барысында 9 –сынып оқушылары Әбдіқадыр Жанерке мен Бақтыбек Ерболат «Күз ханшайымы мен ханзадасы - 2019» биылғы жылдың жеңімпаздары болып танылды. 15 –қараша «Ұлттық валюта» күніне орай 1-11 сыныптар арасында «Теңге – ұлттық мақтанышымыз» атты сынып сағаттары өткізілді.Мақсаты:Ақша айналымы тарихынан мағлұмат беру,ақша туралы түсініктерін кеңейту.11-20 қараша аралығында Қазақстан Республикасының Бала құқықтары туралы Конвенцияны қабылдауының 30 жылдығы мен ратификациялауының 25 жылдығын мерекелеуге арналған «Бала құқығы – адам құқығы» атты онкүндіктің іс-шара жоспары жасалынып,бекітілді. 70 жылда іргесі бекіп,керегесі кеңейген,бірлігі жарасып,ырысы тасыған  мектебіміздің 70 жылдық мерейтойы «Тұғыры биік,туған жер» тақырыбында кездесу өтті.Мектеп түлегі Бишалов Қайсен 70 түп жеміс ағашын отырғызды.

1 желтоқсан Қазақстан   Республикасының тұңғыш Президенті күніне жоспар бойынша іс-шаралар жоспарланды.Мектеп кітапханашысы  Б.Молдахунова кітапханаға «Елбасы – ел тірегі» бұрышын ұйымдастырды.25.11 күні 8-11 сыныптар арасында «Елбасым мақтанышым» тақырыбында шығарма байқауы өтті.Байқау нәтижесінде 1-орын 9 сынып оқушысы Әбдіқадыр Ж,2-орынды 8 сынып оқушысы Әлжан Қ,3-орынды 9 сынып оқушысы Нәдірбек А мақтау қағаздарымен марапатталды

06 -13 желтоқсан  күндері Тәуелсіздік күніне  байланысты іс  - шаралар жоспарланды. Апталық  барысында кітапханада тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік шежіресі» атты көрмесі ұйымдастырылды.Жоспар бойынша тәуелсіздік күніне барлық сыныпта сынып сағаттарыөткізілді.

25-27 желтоқсан аралығында  «Төрлет, Құтты жаңа жыл!»жаңа жыл мерекесінің кестесі   жасалып,бекітілді. Жаңа жылдық шырша кесте бойынша  өз уақтысымен өткізілді.Аудан әкімінің «Жаңа жылдық шыршасына» аз қамтылған отбасынан шыққан 2 оқушы жіберілді.

20.01-27.01күндері   аралығында Халықаралық интернетсіз күніне арналған «Мен OFFLINE» республикалық акциясының іс-шара жоспары құрылып, бекітілді.Мақсаты: Интернетке тәуелді болмау туралы мағлұмат беру және зиянды жақтарын түсіндіру.21 қаңтар күні «Мен OFFLINE» акциясының ашылуы болды. Мектеп кітапханасында  «Интернетсіз өмір»  бұрышы   ұйымдастырылды.Онда  мектеп кітапханашысы Б.Молдахунова оқушыларға интернетсіз өмір туралы түсіндірме жұмыстарын  жүргізді. 22 қаңтар күні 1-4 сыныптар аралығында бастауыш сынып мұғалімдері «Мен күнімді интернетсіз қалай өткіздім?» тақырыбында сурет байқауын  өткізіп,жеңімпаздар мақтау қағаздарымен марапатталды. 23 қаңтар күні 1-10 сыныптар арасында «Интернетсіз бір күн» тақырыбында бірыңғай сынып сағаттары   өткізілді. Мақсаты: Интернетке тәуелді болмау туралы мағлұмат беру және зиянды жақтарын түсіндіру. Қатысқан сабақтарымда 6 сынып жетекшісі Ж.Әуелбаева сабақ жоспары жүйелі жоспарланған,сабақ өз деңгейінде өтті.10 сынып жетекшісі Б.Жылқыбаева сабағында оқушыларды  шаттық шеңберіне тұрғызып бір-біріне деген жылы лебіздерін білдіріп,2 – топқа бөлініп пікірталас өткізді.Сабақ жақсы деңгейде өтті. 23 қаңтар күні информатика  пәні мұғалімі А.Аралбаев  жас мамандар арасында «Интернетсіз әлем» тақырыбында  дөңгелек  үстел өткізді. 24 қаңтар күні қазақ тілі пәні мұғалімдері Ж.Әуелбаева мен К.Құрманбекова 5-11 сынып оқушылары арасында «Мен оффлайн» тақырыбында  эссе жазу байқауы өтіп,жақсы жазылған байқау жеңімпаздары мақтау қағаздарымен марапатталды. Жүлделі I орынды 9 сынып оқушысы Нәдірбек Ақжүніс, II орынды 10 сынып оқушысы Шәми Нұртілеу, III орынды 9 сынып оқушысы Аханұлы Ералхан иеленді. 9 қаңтар – 14 қаңтар аралығында  «Снюс» шегуге арналмаған темекі және темекісіз өнімдеріне қарсы өткізілетін іс-шара жоспары жасалынды.Оқушылар мен ата-аналар арасында қазіргі уақытта жасөспірімдер арасында құрамындағы никотиннің дозасы 40 мг-нан 60 мг-ға дейін болатын және темекі өнімдері ретінде сатылатын шын мәнінде жеңіл есірткі болып табылатын снюстерді,темекісіз шайнайтын қоспаларды тұтыну кеңінен таралуына байланысты «СНЮС» шегуге арналмаған темекі және темекісіз өнімдеріне тыйым салуға,қолданбау мақсатында өткізілетін іс-шаралар ұйымдастырылды. Сол себепті,балалар мен жасөспірімдердің организмдеріне,құрамында никотин бар қоспалардың әсерінің қауіпті екенін балалар арасында профилактикалық және түсіндіру жұмыстары жүргізілді.9 қаңтар күні   9-11 сыныптарда «Біз Снюсқа қарсымыз» тақырыбында акция  ұйымдастырылып, 10 қаңтар күні 5-8 сыныптар арасында мектеп медағасы С.Хасенов «Снюс өнімдерінің ағзаға зияны» тақырыбында баяндама оқыды.

13 қаңтар күні Б.Жылқыбаева « Снюс» өнімінің зияны тақырыбында баяндама оқып,ата-аналармен түсіндірме жұмыстары жүргізіліп,ұл-қыздарының мінез-құлығы мен тәрбиесіндегі өзгерістерді күнделікті қадағалап,жағдайды үнемі бақылауда ұстауға кеңес берілді.

14 қаңтар күні «Снюсқа жол жоқ!» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.Бүгінгі таңда бұл зиянды заттардан уланғандар тіркелген жок.

Қашықтықтан оқытуға байланысты онлайн режиміндегі 1 – мамыр «Бейбітшілік күні» мерекесіне орай іс – шара жоспары жасалынып,бекітілді.1-11 сыныптар арасында «Бірлік пен келісім» тақырыбында онлайн сынып сағаты өткізілді.7 мамыр Отан қорғаушылар күні мен 9 мамыр «Ұлы Жеңістің 75 жылдығы» мерекесіне орай іс – шара жоспары жасалынып,бекітіліп, 1 – 11 сыныптар арасында «Желбіре Жеңіс жалауы» атты сынып сағаттары өткізілді. 

    Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерінің контенті Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында айқындалған қоғамдық сананы жаңғыртудың алты бағытын белгіледі. Қазіргі қоғамға ұлттық бірегейліктің аса маңыздылығын, мәдени контекстің өздігінен даму, өзін-өзі тәрбиелеу, құзіреттілікпен тәрбиелілік, отбасы әлеуетінің рөлін арттыру негізінде табысты шығармашылық тұлға ретінде қажет етеді. Өскелең ұрпақтың рухани – адамгершілік және мәдени құндылықтарын сақтау мен қалыптастыру үшін

Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру бағдарламасын жүзеге асыру аясында Қазақстанның киелі жерлері мен  тарихи тағылымы мол орындарды таныстыру мақсатында мектеп ұстаздары  М.Садырбаева,Г.Уәлива 5-7 сынып оқушыларын ұйымдастырып, қазан айының 12 күні "Қазақстанның киелі жерінің географиясы" жобасы бойынша Баласағұн қалашығына,директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ш.Илкибаева,сынып жетекшісі Г.Бекетаева,медаға С.Хасенов Тараз қаласындағы «Көне Тараз әлемі», «Қарахан баба кесенесі», «Н.Назарбаевтың жылжымалы көрмесіне» саяхат жасады.Экскурсия барысында оқушылар киелі жерлердің  тарихымен, ата-бабаларымыздың өткен өмірі, ұстанған салт-дәстүрімен танысты.

  Н.Ә.Назарбаев: «Адам баласының бүкіл ғұмырындағы ең сенімді және ең сабырлы серігі - кітап» деген.Егер әрбір жас ұрпақ кітапты өзіне серік ете алса,келешекте рухы биік,көзі ашық,көкірегі ояу азамат болары сөзсіз.«Болашаққа бағдар – рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында мектеп фойесіне QR код тақтайшасы ілініп,оқушылар өздерін қызықтырған кітаптарын смартфондар арқылы оқып жатыр. Бүгінде әлем Төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріне, технологиялық, экономикалық және әлеуметтік салалардағы терең және қарқынды өзгерістер кезеңіне қадам басып келеді. Осыған орай Елбасымыз «Жаңа технологиялық қалып біздің қалай жұмыс істейтінімізді, азаматтық құқықтарымызды қалай іске асыратынымызды, балаларымызды қалай тәрбиелейтінімізді түбегейлі өзгертуде» - деп өзінің Қазақстан халқына Жолдауында білім саласының жаңа жаһандану заманына ілгерілеу керектігін айқындап берген болатын Жаңа технологияларды меңгеріп,құлтемірді бағындырып,3D модельдеу,алгоритмнің кезектілігін құрастыра білу сынды жаңа ғылым түрлерін меңгерту мақсатында. Робототехника кабинеті ашылды.Оған 4 648000 теңге бөлінді. Оқушылардың мультимедиялық электрондық оқыту құралдарының бірі – интерактивті тақта. Білім беру үрдісінде оқушылардың ақпараттық технология арқылы ақпаратты көрсетуге және компьютермен басқару мақсатында биология және физика кабинеттері  интерактивті тақтамен жабдықталды.Оған 996800 теңге бөлінді.Мектебімізде   аз қамтылған отбасынан – 29 оқушы,1-сынып – 6 оқушы ыстық тамақ ішеді.Әр жұма сайын ата – аналарға «Ашық есік» күні белгіленді. “ Жүректен жүрекке” Мектепке жол акциясы аясында  аудандық мәслихат депутаты  «Жастар» ресурстық  орталығы КММ   директоры  Айнұр Рахымбаева  20000   мың теңге, Аудан әкімдігінің жоспарлау бөлімінің ұжымы 20000  мың теңге , Дулат ауылдық округі ұжымы 12000  теңге . Сол сияқты, «Қосқұдық» орман  шаруашылығы директоры Нұрмолдаев Н.   20000 теңге мектеп формасы аяқкиім  және   жеке кәсіпкер Бошжанов Мақсат Шоқпарбайұлы 15000 теңге көлемінде оқушыларға сумка  оқу құралдарына көмектесті. Жеке кәсіпкер Арысбаев Ерлан 3 оқушыға 15000тенге көлемінде аяқ киім тарту етті. 

Осы  шараға Әлия Молдағұлова  атындағы  шағын   орталықты  орта  мектебінің ұжымыда   назардан тыс қалмай  25 мың   теңге көлемінде  демеушілік жасады. 

«Мектепке жол»   акциясына  бюджеттен  тыс   көрсетілген көмектің жалпы сомасы 127 мың  теңгені құрады. Құқық бұзушылық  пен  заң бұзушылықтың  алдын алу мақсатында мектеп инспекторы  Қ.Адашов  8- 11 сынып оқушыларымен қаңғыбастық ,беймезгіл уақытта көшеде жүрмеу,тәртіпсіздік туралы дәрістер оқу  нәтижесінде   мектепішілік тізімде және аудандық ішкі істер бөлімінде тізімге алынған оқушылар жоқ.

Оқушылардың жетістіктері :Аудандық қыздар арасындағы дойбы ойынынан II орын иегері Әбдіқадыр Жанерке , кросс жарысына қатысып III орын иегері Жұмай Ахмет, шекемтас жарысына қатысып III орын иегері Төкенова Айзада дипломдармен марапатталды.Жетекшісі Қ.Төлеуов.Облыстық Пневматикалық винтовкадан оқ ату сайысында III орын иегері Жұмай Ахмет дипломмен марапатталды.Жетекшісі Қ.Канафин.“Елдік пен Ерлік мекені” республикалық байқауларға қатысып 3 сынып оқушылары I, II дәрежелі дипломдармен марапатталды.Жетекшісі Ш.Илкибаева. 

 Ағымдағы оқу жылында аудандық білім бөлімінен шаруашылық бойынша мектебімізге бөлінген қаражаттар: 

Мектептің ішкі және сыртқы жөндеу жұмыстарына бөлінген заттар: әктеу мен сырлауға 233185 теңге, іс – қағаздар 18625 теңге,  мақтау қағазы  7112 теңге, ту 5150 теңге. Шағын орталыққа кішкентай бүлдіршіндеріміздің күнделікті пайдалануына бөлінген заттар: жастық 28 дана 45127 теңге,дәрі – дәрмек 11860 теңге.Елімізде болып жатқан жағдайға байланысты,короновирустық инфекцияның алдын алуға берілген диз.раствор,сұйық сабындар,диохлорға – 34860 теңге бөлінді.Көмір 215 т – 14672 т = 315448 теңге жұмсалып 

Барлығы: 354369 теңгені құрады. 

Қорытындылай келе, қазіргі заман талабына сай  білім   мен тәрбие беруде  шығармашылықпен жұмыс істеп, біліктілік пен шеберлігімізді ұштастырып, жас ұрпақты  әлемді мойындататын рухани биікке көтеру біздердің міндетіміз.



 2020-2021 оқу жылына белгіленген міндеттер:

Мектептің педагогикалық ұжымының шынайы мүмкіндіктерін ескере отырып,мәселелерді педагогикалық талдаудың негізінде мектептің педагогикалық ұжымы жаңа оқу жылындағы міндеттер белгіленді.

  • Білім алушыларды аудандық, облыстық  байқауларға жан – жақты қатыстыру. 
  • Ғылыми жоба жұмысын дамыту. 
  • Мұғалімдердің   БАҚ –да шығармашылық жұмыстарының жарық көруін және аудандық, облыстық байқуларға қатысуларын жандандыру.
  • Білім сапасын арттыру бойынша жұмысты жалғастыру.
  • Мұғалімдердің кәсіби шеберлік деңгейін жетілдіру.
  • Білім беру технологияларын белсенді енгізу және сабақ және сабақтан тыс уақытта түрлі жобалық және зерттеу қызметін ұйымдастыру арқылы ынталы балалармен жұмыс жүйесін жетілдіру.
  • Сабақта жаңа білімді меңгеру бойынша жұмыс кезінде оқушыларға құзыретті және жүйелі-қызметтік тұрғыдан келуді жүзеге асыру.
  • Әр оқушының сәтті оқуына жағдай жасау бойынша жұмысты жетілдіру.
















Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив