ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ЖАСТАР САЯСАТЫ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ » "Әлия Молдағұлова атындағы орта мектебі" КММ
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Шу ауданы білім бөлімінің
«Әлия Молдағұлова атындағы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727638) 5-4-13
Есепші бөлімі:
+7(727638) 5-40-13
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ЖАСТАР САЯСАТЫ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ
07
қыркүйек
2018

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ЖАСТАР САЯСАТЫ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ

Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 28 тамыздағы № 73 Өкімі


Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясаты

тұжырымдамасы туралы


1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасы (қоса тіркеледі). 

2. Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі (А. Сәрсенбаев) Тұжырымдаманың мәтінін "Егемен Қазақстан", "Казахстанская правда" газеттеріне жарияласын, сондай-ақ арнайы басылыммен мемлекеттік және орыс тілдерінде шығарсын.


Қазақстан Республикасының 

Президенті                                  Н. Назарбаев



Қазақстан Республиасы 

Президентінің 1999 жылғы 

28 тамыздағы № 73 Өкіміне 

қосымша



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ЖАСТАР САЯСАТЫ

ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ



Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасы Жалпыға бірдей адам құқықтары Декларациясының өзекті идеялары мен қағидаларына, БҰҰ Бас ассамблеясының “Жастар дамуының 2000 жылға дейінгі дүниежүзілік іс-қимыл бағдарламасы” 50/81 қарарына, Сәби құқықтары туралы Конвенцияға, Қазақстан Республикасының Конституциясына және ел Президентінің Қазақстан халқына арнаған “Қазақстан-2030. Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы” атты Жолдауына сүйенеді.


                                                              I. Жалпы ережелер

Мемлекеттік жастар саясатының қажеттігі жас өркеннің өмірге қадам басып, қоғамда өз құқығын иеленумен, оның алдында жауапкершілік арқалау сәтінде бетпе-бет келетін өмір мәресінің қиындықтарымен айқындалады.

Жастар саясатын қалыптастыра отырып, мемлекет жастардың келешекте маңызды салмаққа ие болар халықтың бірден-бір белсенді тобы екендігін ескереді. Мұның өзі жастардың мемлекет құрылысындағы рөлі мен орнын жете бағаламауға жол бермеуді көздейді. 

Мемлекеттік жастар саясатының дәстүрлі әлеуметтік саясаттан айырмасы ол тек өтелу тетіктерін әзірлеуге ғана сайымайды. Ол жастардың еңбек пен шығармашылық қуатын айқындайтын белсенді де жаңаша, өндірушілік аспектілерден тұрады. Бұл мемелекеттік жастар саясатын қоғамның стратегиялық ресурстарын дамытудағы бірден-бір маңызды ретінде қарастыруға мүмкіндік береді.

Қоғамдық өзгерістердің күрделілігі жас азаматтардың әлеуметтік жағынан жан-жақты қалыптасуына, жас қауым тіршілігінің барлық қалтарысына әсерін тигізеді. Дәстүрлі жастар мәселелерін шешудің мазмұны мен тәрбие тәсілдері жаңа тарихи жағдайларда мүлде өзге қырынан қарастырылуға тиіс болғандықтан түбегейлі өзгерді.

Қазақстандық жас буын бойында отаншылдық, іскерлік, жауапкершілік қасиеттер қалыптастырмай, жастардың ізгілікті, рухани өркендеуіне, сондай-ақ, өткен буынның әлеуметтік-мәдени тәжірибесін, әлем өркениеті жетістіктерін игеруге жол ашпай әлеуметтік ұстанымдағы экономикасы бар демократиялық қоғам құру мүмкін емес. Мұндай мақсаттарды жүзеге асыруғ жастарға, жалпы қоғамға қатысты саясатты қалыптастыру мен жүзеге асыру ісіне жастардың өздерін белсенді түрде тартуды көздейді. Мемлекет жастарға, олардың материалдық деңгейі мен әлеуметтік жағдайына қарамастан, өмір жолын таңдау мен жетістіктерге жету үшін мейлінше мол мүмкіндіктер ашуға тиіс. Сонда ғана жастар саясатының өзекті міндеті – жастардың тұлғалық қалыптасуын қамтамасыз ету іске асатын болады.

Осы Тұжырымдама мемлекеттік жастар саясатының басты мақсаттарын, қағидалары мен басымдықтарын анықтауды мұрат етеді. Тұжырымдаманың ережелеріне сәйкес мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыратын нормативтік-құқықтық тетіктер нақтыланып, оны ұйымдастырушылық, әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз етудің негізі қалануы тиіс

Осы Тұжырымдаманың негізгі шарттарын қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджетте мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға бөлінген қаражат шеңберінде жүргізілуі қажет. Тұжырымдаманың жекелеген ережелерін жүзеге асыруда мемлекеттік емес, соның ішінде, шетелдік қаржы көздерін пайдалану да қарастырылуы мүмкін.

Осы Тұжырымдаманың іске асырудағы басты талаптардың бірі мемлекеттік жастар саясатының ұйымдастырушылық және экономикалық тетіктерін құқықтық жағынан қамтамасыз ету, бірінші кезекте – жас азаматтардың, жастар мен балалардың қоғамдық бірлестіктерінің қатысуымен өтетін түрлі қарым-қатынастарды ретейтін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына өзгертулер мен толықтырулар енгізу болып табылады.

Тұжырымдама құрылымы шетелдік және отандық озық тәжірибелерді талдау мен жинақтау негізінде жасалды. 


II. Мемлекеттік жастар саясатының негізгі

мақсаты мен басымдықтары

          Қазақстан Республикасының мемлекетік жастар саясатының негізгі мақсаты – жастардың азаматтық, әлеуметтік дербес тұлғалық қалыптасуын жүзеге асыру үшін қажет құқықтық, экономикалық, ұйымдастырушылық жағдайларды жасау мен нығайту.

           Алға қойған мақсаттарды жүзеге асыру жастар саясатының мына бағыттарына басымдық беруді көздейді:

        1. Жастар бойында патриотизмді қалыптастыру, жастардың ізгілікті әрі рухани дамуы.

        2. Еңбек, білім беру және денсаулық сақтау саласындағы жастардың әлеуметтік құқықтарын қамтамасыз ету.

         3. Жастардың әлеуметтік- экономикалық қажеттіліктерін дербес жүзеге асыруына жағдай жасау.

        4. Жастардың дене тәрбиесіне, интеллектуалдық дамуына жағдай жасау.

        5. Жастардың қоғамдық игі бастамаларын қолдау мен ынталандыру.

        6. Қазақстандық жастарды халықаралық мәдени, экономикалық, ғылыми және білім беру процестеріне тарту.


III. Мемлекеттік жастар саясатының негізгі

принциптері



           Мемлекеттік билік органдары тарапынан жастар саясатын қалыптастыру мен іске асыру мәселесінде біртұтас көзқарас қалыптастыру төмендегі басты қағидалар мүддесіне орай іске асырылу қажет:

- жастар мәселесіндегі демократиялық, жас азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сақтау;

- өркендеу мен жаңашылдық;

  • тұрақты негіздегі мақсатты, нақты әрі тиімді іс-қимыл;
  • жалпыға ортақтық – барлық жастарды жынысына, ұлтына, әлеуметтік жағдайына және діни ұстанымына қарамастан жаппай қамту;
  • жас шамасы мен әлеуметтік әртектілік проблемалары ескерілетін сраланған көзқарас;
  • жастардың әлеуметтік жағынан неғұрлым аз қорғалған бөлігін, соның ішінде, мүгедек балаларды, денсаулығы дімкәс балаларды, жетім балаларды, көп балалы , жағдайы нашар отбасыларындағы балаларды тікелей қорғау және қолдау.

Жастар саясатын қалыптастырудағы осы басты қағидалар заңнамалық және атқарушы биліктің орталық және атқарушы биліктің орталық және жергілікті органдары тарапынан ескеріліп, олардың қызметтерін бағалаудың бір өлшеміне айналуы тиіс.

   Осы принциптерді сақтау мемлекеттік жастар саясатында жүйелілікті қалыптастырып, біртұтас әрі нақты мағына береді және қажетті тарихи сабақтастықты қамтамасыз етеді, оның негізгі бағыттарын іске асыруда бірыңғай әдістемелік пен ұстаным жасауға мүмкіндік туғызады.


  1. Меслекеттік жастар саясатының негізгі

бағыттары


Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асырудың кезеңдік сипаттағы іс-қимылдары мынадай негізгі бағыттарды қарастырады:

  1. Жастардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуын қамтамасыз ету.
  2. Білім, еңбек және жұмыспен қамту саласындағы кепілдіктермен қамтамасыз ету.
  3. Жастардың кәсіптік, рухани, және дене тәрбиесінің дамуына жағдай жасау.
  4. Жас таланттарды қолдау мен шыңдау.
  5. Жастарға әлеуметтік көмек көрсету мен қазіргі жағдайға бейімделу жүйесін қалыптастыру.
  6. Балалар мен жастар бірлестіктерін дамытуға жәрдемдесу.

1. Жастардың құқықтары мен бостандықтарының

сақталуын қамтамасыз ету


             Мемлекеттік жастар саясаты Конституцияда және Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын өзге де нормативтік-құқықтық кесімдерде бекітілген жас адамның саяси, әлеуметтік-эконономикалық, жеке құқықтары мен бостандықтарын толық тануға негізделеді.

            Заңда белгіленген тәртіптен тыс жас азаматтың қайсыбір бостандықтары мен құқықтарына  шектеулер енгізуге, өзге жастағы азаматтар міндеттерімен салыстырғанда қосымша міндеттер жүктеуге жол берілмейді.

          18 жасқа (кәмелеттік жасқа) толмаған тұлғалар мемлекеттің айрықша қамқорлығында болуға тиіс. Бұл ретте мемлекет кәмелетке толмағандардың жастығына орай өз әрекеттеріне толыққанды баға бере алмайтындығын, мұның өзі олардың қосымша құқықтар мен заңдық жауапкершіліктер алу мүмкіндіктерін шектейтіндігін басшылыққа алады.

    Кәмелетке толмағандардың құқықтары мен мүдделерін барынша тиімді қорғау мақсатында дамыған елдерде қолданылып жүрген ювеналдық әділет жүйесін (мамандандырылған соттар, жасөспірімдерге арналған жазасын өтеу орындары т.б.) қалыптастыру қажет. Атқарушы билік жүйесінің барлық деңгейіндегі тиісті құрылымдар кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың, бетімен кетушілік пен өзге де тәртіп бұзушылықтың алдын алу, жетім балалардың, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар мен жартыкеш және және сәтсіз отбасылардан шыққан балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау ауқымындағы кешенді шараларды үздіксіз жүзеге асырып отыруы тиіс. Ювеналдық әділеттің қалыптасуы, жастарға арналған әлеуметтік мекемелердің дамуы қоғам тұрақтылығын нығайтумен қатар, жастар ортасындағы түрлі шиеленісті төмендетіп, қоғамның жастар арасындағы құбылыстарға айтарлықтай белсенді ықпал етуіне мүмкіндік береді.

             Жастардың құқықтары мен мүдделерін қорғау қоғамдағы жалпы құқықтық мәдениетті көтеруді, жастар бойына Қазақстанның мемлекеттік дамуына негіз қалайтын идеяларға, Конституцияға, заңдарға құрмет сезіміндарытуды көздейді.


  1. Білім, еңбек және жұмыспен қамту саласындағы 

Кепілдіктермен қамтамасыз ету


          Мемлекет күш-жігерін біліммен, еңбекпен және жұмыспен қамту саласында кепілдік беруге бағыттайды. Бұл мемлекеттік органдардың меншік, ұйымдастырушылық-құқықтық нысанына қарамастан жеке ұйымдармен жетім балаларға, денсаулық мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған оқу орындарын бітірушілерді, оқуын тастап кеткен жасөспірімдерді; жазасын өтеу орнынан оралғандарды; сәтсіз отбасылардың жас азаматтарын; запасқа шыққанәскери қызметшілерді жұмысқа қабылдау туралы келісім-шарттарын жасасуын кқздейді. Аталған нормалардың сақталуы, өз кезегінде жастардың әлеуметтік жағынан аз қорғалған тобы үшін жұмыс орындарын құруға қатысты нормативтік-құқықтық базаны жасау мен жетілдіруі талап етеді.

           Мемлекет, меншік нысанына қарамастан, ұйымдар мен кәсіпорындардың жас мамандарды жұмысқа алуы мен жұмыс орындарын көбейтуге мүдделілігін арттыруда; оларды қайта дайындау мен өндірістік оқу тәжірибесінен өткізуде; елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы басымдықтарын ескере отырып, жастарға кәсіби тұрғыдан бағдар беретін мемелекеттік жүйені дамытуда қосымша ынтаны кеңінен пайдаланатын болады.

           Жастардың жеке тұлға ретінде қалыптасу басымдығы олардың шағын және орта бизнес саласында белсенді араласуын, жас кәсіпкерлерді, әсіресе, фермерлерді, селолық өндірісшілерді оқыту мен қолдауды көздейді.

           Жастарды жұмыспен қамту саласында мемлекеттік сүйемелдеу саясатын, аймақтық ерекшеліктерді ескере отырып, белсенді түрде жүргізу керек.

           Мемлекет жастар мен жас отбасылардың экономикалық ахуалын жақсарту мен табыс деңгейін көтеру, ұзақ мерзімді несие берудіңкезеңдік жүйесін енгізу, басқа да экономикалық көмек түрлері арқылы білім алу мүмкіндігін кеңейту, іскерлік белсенділігін арттыру, тұрғын жай мен үй шаруашылығын толыққанды жабдықтау үшін құқықтық, ұйымдастырушылық жағдай жасаудың барлық шараларын қолданатын болады. Оқушы жастарға кәсіби бағыт беретін, қазіргі талаптарға сәйкес жастарды уақытша және қосымша жұмыспен қамтитын жүйе жасалатын болады.


  1. Жастардың кәсіптік, рухани және дене тәрбиесінің

дамуына жағдай жасау


  Жастардың тән, жан саулығы – елдің стратегиялық қоры және оның қазіргі дамуының шешуші факторы. Жасөспірімдер мен жастардың бойында ізгілікті, рухани құндылықтарды қалыптастыру әлемдік, ұлттық мәдени құндылықтарды насихаттауға иек артып, жас шамасына қарай қарастырылуы тиіс. Жастарға тән құндылықтар сипаты жас азаматтың тағдыры мен тұрмыс жағдайының әркелкілігін, құндылықтар жайлы түсінігінің сан алуандығын көрсетеді. Жастардың эстетикалық, ізгілікті талғамының қалыптасуына бұқаралық ақпарат құралдарының, әсіресе, электронды ақпарат құралдарының айтарлықтай ықпал ететіндігін ескеру қажет. Зорлық-зомбылықты. Қатыгездікті уағыздау жастардың мінез-құлқына жан-жақты қысым етіп, өмірді қабылдауы барысында сондай әдет-дағдыларды қалыптастырады. Дүлей күшке табынушылықты, шылымды, спиртті ішімдіктерді жарнамалауға шектеу қою – мемлекет алдындағы жас ұрпақты рухани сауықтырудың бірден-бір кезек күттірмейтін шаралары.

           Ақпарат құралдарының, озық ойлы зиялы қауымның күш-жігері, тәрбиенің бағыттылығы қоғамда отансүйгіштік, іскерлік, үлкенді сыйлау, өзін қастерлей білу, жеке басы мен жақындары үшін жауапкершілікті сезіну сияқты қасиеттерді жоғары қоятын оңтайлы орта қалыптастыруға септігін тигізуі қажет.

          Жастардың төл мәдениетін нәр алуы, еліміздің тарихи өткенін оқып-үйренуі, қоғамымыздағы достық ахуал мен бейбітшілікті, рухани келісімді нығайту жас ұрпақ бойында біздің ортақ Отанымызға – Қазақстан Республикасына деген мақтаныш сезімін қалыптастыру тиіс.

         Мемлекеттің күш-жігері мәдени инфрақұрылымды материалдық қамтамасыз етуге- мектептерден, студенттік оқу мекемелерінен тыс жастардың бос уақытын пайдалы өткізуге мүмкіндік жасайтын театр, кітапхана, спорт құрылғыларын қолдауға, оқу, әдіс-тәсілдемелік құралдардың, көркем әдебиеттер шығаруға, оқу орындарын компьютерлендіруге, дене тәрбиесі мен спортты дамытудың мемлекеттік, аймақтық бағдарламаларын жасауға, ізгілікті, рухани құндылықтарды, салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталады. Жастарға рухани, патриоттық тәрбие беру ісінде мемлекеттік тілді оқып-үйренуге, қазақ тілін оқытып-үйретудің жаңа, тиімді тәсілдерін жасап, енгізуге ерекше мән берілетін болады.

         Жастарды отаншылдық, рухани, адамгершілік тұрғыда тәрбиелеу ісінде оларды діни экстремизм мен фанатизмнің залалды ықпалынан қорғау аса маңызды бағыт алуы шарт. Осы мақсатта жастар арасында діни-экстремистік көзқарастардың еніп кетуінен сақтау тетіктері жасалуы керек.


  1. Жас таланттарды қолдау мен шыңдау


          Мемлекет дарынды тұлғаның аса зор қоғамдық маңызын, олардың даму мүмкіндіктері мен ашылуына неғұрлым кеңінен жағдай жасауды басшылыққа алады.

          Қоғамның интеллектуалдық, шығармашылық қуатын сақтау мен дамыту, жастардың дербес шығармашылық дамуына жағдай жасау жас таланттарды қамқорлығына алған мекемелер мен кәсіпорындарға, қоғамдық ұйымдарға, қайырымдылық қорларына, өзге де қорларға, жеке тұлғаларға экономикалық жағынан қолдау көрсетуді, дарынды жастарға стипендиялар, жүлделер, жәрдемақылар тағайындауды; жастардың, шығармашылық, жаңашылдық қызметіне мемлекеттік қолдау көрсетуді көздейді. Дарынды жастарды қолдау мен дамытудың мемлекттік саясаты елдегі жалпы адам ресурстарын дамытудағы саясатпен қанаттас жүргізіледі.


  1. Жастарға әлеуметтік көмек көрсету мен қазіргі жағдайға бейімделу жүйесін қалыптастыру


             Балалар мен жастарға әлеуметтік көмек көрсету және оларды қолдау жүйесі қиын, даулы жағдайға тап болған жастардың әлеуметтік маңызды қажеттіліктерін қанағатттандырудан, оларды әлеуметтік жағынан сауықтыру мен соңыра толыққанды тіршілік етуіне жағдай жасаудан тұрады.

          Мемлекет жастар ортасында әлеуметтік шиеленісті бәсеңдету жөнінде, жасөспірімдер мен жастар арасындағы нашақорлыққа, маскүнемдікке және ауытқу құбылыстарына қарсы күресте кезек күттірмейтін шаралар қолданады.

         Жастар арасында құқық бұзушылық пен қылмысты болдырмау жөнінде заң-құқық туралы білім беру және мәселенің алдын алу жұмыстарын ұйымдастыру мақсатында жоғары және орта арнаулы оқу орындары негізінде жедел жастар отрядтарын құру, орта мектептерде 9-сыныптан бастап 11-сыныпқа дейін құқықтық тәрбие жөнінде факультативтік сабақтар, дәрістер енгізу ұсынылады.

          Қоғам мен мемлекет тарапынан жастардың әлеуметтік жағынан әлсіз санаттарына айрықша көңіл бөлінуге тиіс.

         Жастарға әлеуметтік көмек көрсету балаларға, жастарға жұмысқа тұру, денсаулық пен құқық, бос уақытын ұйымдастыру, білім алу, отбасында, мектепте, ұжымда бір-бірімен қарым-қатынас проблемаларын шешу, өмірлік жолын таңдау және қоғамға бейімделу мәселелері бойынша  консультациялық, практикалық, ұйымдастырушылық көмек алуына жәрдем беретін мекемелер жүйесі санатындағы жастарға арналған әлеуметтік қызметтің бұрыннан қалыптасқан жүйесіндамыту арқылы жүзеге асырылатын болады. Бұл қызметтердің жұмысы психологиялық, педагогикалық, заңдық наркологиялық көмек көрсетуге, жас мүгедектерге, борышын өтеген әскери қызметшілерге, нашақорлықтан, токсикрманиядан, маскүнемдіктен емделуден өткен адамдарға қатысты сауықтыру шараларын өткізуге бағытталған. Жастарға арналған әлеуметтік қызметтер арнаулы қызметтер кешенін, оның ішінде: жастардың еңбек биржаларын, әлеуметтік-психологиялық көмек орталықтарын, наркологиялық қызметтер, балалар мен жастарға арналған баспаналар, жасы кәмелетке толмаған құқық бұзушыларды әлеуметтік сауықтыру мекемелерін, заңдық көмек көрсету және кеңес беру орталықтарын, жас отбасына көмек көрсету қызметтерін, демалыс орталықтарын , жас отбасына көмек көрсету қызметтерін, демалыс орталықтарын құруды кеңейтеді.



  1. Жастар мен балалар бірлестіктерін дамытуға жәрдемдесу



Мемлекет қызметі жастардың қоғамдық – саяси процестердегі рөлін көтеруге, демократиялық, азаматтық қоғам құруға жәрдемдесетін үкіметтік емес жастар мен балалар ұйымдарын дамытуға және олармен ынтымақтасуға мүдделі.

Жастар оғ нышандағы қоғамдық бастамаларын қолдау мен ынталандыру демократиялық мәдениет деңгейін көтеруге, отаншылдық сезімін, жетекшілік сапасын тәрбелеуге жәрдемдеседі, жастарды әлеуметтендіру процесіне оң ықпал жасайды. Тек қоғамдық ұйымдар жүйесінде ғана жас ұрпақтың экономикалық, жаңашылдық, шығармашылық белсенділігін жүзеге асыруы үшін барынша қолайлы жағдайлар қалыптасады.

Қолданыстағы заңдарда балалар мен жастар бірлестіктерін мемлекеттік қолдауды қамтамасыз ету үшін қоғамдық қызметтің айрықша түрлерінің ұйымдары ретінде жастар мен балалар бірлестіктерінің мәртебесі айқындалатын болады.

Барлық жастар мен балалар бірлестіктері мемлекеттік қолдауда тең мүмкіндіктерге ие. Жастар мен балалар бірлестіктеріне мектептердің, мектептен тыс мекемелердің, мәдениет мекемелерінің үй – жайлары, спорттық және өзге де құрылымдар берілуге тиіс.

Мемлекеттік жастар саясаты шеңберінде өткізілетін шараларды қаржыландыруда жастардың әлеуметтік жағынан аса маңызды қоғамдық бастамаларына басымдық берілетін болады.

            Жастар мен балалар бірлестіктерінің қызметін қолдау оларды халықаралық жастар алмасуына енгізуді көздейді.

Жастардың оң нышандағы қоғамдық бастамаларын дамыту және көтермелеу үшін өкілетті орган жанынан Жастар ұйымдарының кеңесін құру жөн болады.



v. Басқару органдары


Жастар саясаты саласындағы мемлекеттік басқаруды өз құзіреті шегінде мыналарды қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамындағы тиісті құрылымдар жүзеге асырады:

  1. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі:
  2. министрліктер мен өзге де орталық атқару органдарының жастар саясаты саласындағы қызметтік салааралық үйлестіруді;
  3. жастардың құқықтары мен заңды мүдделерін жүзеге асыру жөніндегі әр түрлі қоғамдық жастар ұйымдарымен байланысты жүзеге асыруды;
  4. Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігімен, Қорғаныс министрлігімен бірлесе отырып жас ұрпақтың азаматшылдығы, отансүйгіштігі мәселелері жөнінде зерттеулер жүргізуді, патриоттық бірлестіктердің қызметін қолдау жөнінде ұсыныстар әзірлеуді;
  5. мемлекеттік жастар саясаты саласындағы нормативтік – құқықтық актілерді әзірлеуге қатысуды;
  6. жастармен жұмыс істеудің озық нысандары мен әдістерін зерттеуді және жинақтауды, жастар саясатының түрлі бағыттары мен проблемалары жөнінде мемлекеттік органдарға арналған әдістемелік материалдар әзірлеуді және басып шығаруды;
  7. мемлекеттік жастар саясаты мәселелері жөнінде жұртшылықты хабардар етіп отыруды қамтамасыз етеді;
  8. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі:

- жас азаматтарды еңбекпен қамтуда жағдай жасауға жәрдемдесетін мемлекеттік саясатты әзірлеуді және жүзеге асыруды;

- жастарды еңбекпен қамту проблемалары жөнінде зерттеулер жүргізуді ұйымдастыруды, еңбек рыногын басқаруға және жастар арасындағы жұмыссыздықты азайту жөнінде алдын алу шараларын қабылдауға арналған ұсыныстар әзрлеуді;

- жастарға арналған әлеуметтік қызметтерді одан әрі дамытуға жәрдемдесуді қамтамасыз етеді;

3. Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі:

- жастардың шығармашылық, интеллектуалдық, ғылыми – техникалық дамуына, жас таланттарды іздеп табуға және қолдауға жәрдемдесетін бағдарламаларды әзірлеуге және жүзеге асыруға, олардың одан әрі шығармашылық және кәсіби жағынан өсуіне қажетті жағдайлар жасауға қатысуды;

- мемлекеттік құрылымдардың қызметін үйлестіруді, салауатты өмір салтын насихаттау жөнінде қоғамдық жастар ұйымдарымен бірлесіп әрекет етуді, жастардың денсаулығын нығайтуға және күш- қуатын арттыруға жағдай жасауды қамтамасыз етеді.

4. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі:

- кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі 1998-2000 жылдарға арналған бағдарламаның ішкі істер органдарына қатысты бөлігіндегі тармақтарын жүзеге асыруды қамтамасыз ету;

5. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі:

- мемлекеттік жастар саясаты саласында заң шығару негіздерін дамытуды  және жетілдіруді;

-нормативтік-құқықтық актілердің жастарға қатысты бөлігін сараптамадан өткізуді қамтамасыз етеді.

Жергілікті деңгейде мемлееттік жастар саясатын жүзеге асыру жөніндегі қызметті биліктің жергілікті атқару органдары жүзеге асырады. Қоғамдық бірлестіктермен, ұйымдармен және кәсіпорындармен, оқу орындарымен бірлесе отырып аймақтық жастар бағдарламалары жасалып, іске асырылады.

Ұжымның едәуір бөлігін жас азаматтар құрайтын түрлі меншік нысанындағы кәсіпорындарында, мекемелерде, оқу орындарында жастармен жұмыс жөніндегі тиісті қызметтер, органдар, комитеттер құрылуы мүмкін. 



Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив