Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне балалардың қадағалаусыз қалуының профилактикасы және кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы Қазақстан Респуб
Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне балалардың қадағалаусыз қалуының профилактикасы және кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 10 шiлдедегi N 176-IV Заңы
Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы 2009 жыл N 15-16, 72-құжат; "Егемен Қазақстан" 2009 жыл, 28 шiлде, N 248-249 (25638); "Казахстанская правда" от 22.07.2009 г., N 176 (25920)
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 5-6, 24-құжат; N 17-18, 241-құжат; N 21-22, 281-құжат; 2002 ж., N 4, 33-құжат; N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 1-2, 3-құжат; N 4, 25-құжат; N 5, 30-құжат; N 11, 56, 64, 68-құжаттар; N 14, 109-құжат; N 15, 122, 139-құжаттар; N 18, 142-құжат; N 21-22, 160-құжат; N 23, 171-құжат; 2004 ж., N 6, 42-құжат; N 10, 55-құжат; N 15, 86-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 139, 140-құжаттар; N 24, 153-құжат; 2005 ж., N 5, 5-құжат; N 7-8, 19-құжат; N 9, 26-құжат; N 13, 53-құжат; N 14, 58-құжат; N 17-18, 72-құжат; N 21-22, 86, 87-құжаттар; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 2, 19, 20-құжаттар; N 3, 22-құжат; N 5-6, 31-құжат; N 8, 45-құжат; N 10, 52-құжат; N 11, 55-құжат; N 12, 72, 77-құжаттар; N 13, 85, 86-құжаттар; N 15, 92, 95-құжаттар; N 16, 98, 102-құжаттар; N 23, 141-құжат; 2007 ж., N 1, 4-құжат; N 2, 16, 18-құжаттар; N 3, 20, 23-құжаттар; N 4, 28, 33-құжаттар; N 5-6, 40-құжат; N 9, 67-құжат; N 10, 69-құжат; N 12, 88-құжат; N 13, 99-құжат; N 15, 106-құжат; N 16, 131-құжат; N 17, 136, 139, 140-құжаттар; N 18, 143, 144-құжаттар; N 19, 146, 147-құжаттар; N 20, 152-құжат; N 24, 180-құжат; 2008 ж., N 6-7, 27-құжат; N 12, 48, 51-құжаттар; N 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; N 15-16, 62-құжат; N 20, 88-құжат; N 21, 97-құжат; N 23, 114-құжат; N 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., N 2-3, 7, 21-құжаттар; 2009 жылғы 8 мамырда "Егемен Қазақстан" және 2009 жылғы 9 мамырда "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне тауар биржалары мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2009 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы ; 2009 жылғы 8 мамырда "Егемен Қазақстан" және 2009 жылғы 9 мамырда "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне ойын бизнесi мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2009 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы ):
1) 111-бапта :
тақырыптағы және бiрiншi бөлiктiң бiрiншi абзацындағы "олардың орнындағы адамдардың" деген сөздер "басқа да заңды өкiлдерiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын;
екiншi бөлiкте:
бiрiншi абзацта:
"спирттiк" деген сөз "алкогольдiк" деген сөзбен ауыстырылсын;
"ұдайы қолдануына" деген сөздерден кейiн "не қаңғыбастықпен немесе қайыршылықпен айналысуына" деген сөздермен толықтырылсын;
екiншi абзацтағы "олардың орнындағы адамдарға" деген сөздер "басқа да заңды өкiлдерiне" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) мынадай мазмұндағы 112-1-баппен толықтырылсын:
"112-1-бап. Кәмелетке толмағандардың түнгi уақытта
ойын-сауық мекемелерiнде болуына жол беру
1. Кәмелетке толмағандардың заңды өкiлдерiнiң ертiп жүруiнсiз түнгi уақытта (сағат 22-ден таңғы 6-ға дейiн) ойын-сауық мекемелерiнде болуына жол беру, -
ойын-сауық мекемелерiнiң лауазымды адамдарына - бес, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырма бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер, -
ойын-сауық мекемелерiнiң лауазымды адамдарына - жиырма, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - елу, қызметiн немесе қызметiнiң жекелеген түрлерiн тоқтата тұрып, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың екiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза мерзiмi өткеннен кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған нақ сол iс-әрекеттер, -
ойын-сауық мекемелерiнiң лауазымды адамдарына - отыз, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - алпыс, қызметiн немесе қызметiнiң жекелеген түрлерiн тоқтата тұрып, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жүз жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";
3) 331-баптың екiншi абзацындағы "бiрден екiге дейiнгi" деген сөздер "екiден беске дейiнгi" деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 335-баптың тақырыбындағы және мәтiнiндегi "күштi спирт iшiмдiктерiн", "спирт iшiмдiктерiн" деген сөздер "алкогольдiк iшiмдiктердi" деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 336-баптың тақырыбындағы және мәтiнiндегi "Спирт iшiмдiктерiн", "спирт iшiмдiктерiн" деген сөздер тиiсiнше "Алкогольдiк iшiмдiктердi", "алкогольдiк iшiмдiктердi" деген сөздермен ауыстырылсын;
6) мынадай мазмұндағы 336-3-баппен толықтырылсын:
"336-3-бап. Кәмелетке толмағандардың түнгi уақытта ойын-сауық
мекемелерiнде болуы
1. Кәмелетке толмағандардың заңды өкiлдерiнiң ертiп жүруiнсiз түнгi уақытта (сағат 22-ден таңғы 6-ға дейiн) ойын-сауық мекемелерiнде болуы, -
заңды өкiлдерiне ескерту жасауға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекет, -
заңды өкiлдерiне айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";
7) 362-баптың 5) тармақшасындағы "спирттiк" деген сөз
"алкогольдiк" деген сөзбен ауыстырылсын;
8) 541-баптың 1-1-бөлiгiнiң 2) тармақшасы:
"112," деген цифрлардан кейiн "112-1," деген цифрлармен толықтырылсын;
"327 (екiншi бөлiгiнде)," деген сөздерден кейiн "336-3 (екiншi бөлiгiнде)," деген сөздермен толықтырылсын;
9) 543-бапта :
бiрiншi бөлiк "336-2," деген цифрлардан кейiн "336-3 (бiрiншi бөлiгiнде)," деген сөздермен толықтырылсын;
екiншi бөлiкте:
4) тармақша "336-1 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде)," деген сөздерден кейiн "336-3 (бiрiншi бөлiгiнде)," деген сөздермен толықтырылсын;
9) тармақша "336 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде)," деген сөздерден кейiн "336-3 (бiрiншi бөлiгiнде)," деген сөздермен толықтырылсын;
10) 620-баптың 1) тармақшасындағы "спирттiк" деген сөз "алкогольдiк" деген сөзбен ауыстырылсын;
11) 636-баптың бiрiншi бөлiгi 1) тармақшасының екiншi абзацы "336-1 (үшiншi бөлiгi)," деген сөздерден кейiн "336-3 (екiншi бөлiгi)," деген сөздермен толықтырылсын.
2. "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы" 2002 жылғы 8 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2002 ж., N 17, 154-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 7-8, 19-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; 2007 ж., N 9, 67-құжат; N 20, 152-құжат):
36-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
"4. Баланың заңды өкiлдерiнiң ертiп жүруiнсiз түнгi уақытта (сағат 22-ден таңғы 6-ға дейiн) ойын-сауық мекемелерiнде болуына, сол сияқты онда жiберiлуiне тыйым салынады.".
3. "Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы" 2004 жылғы 9 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2004 ж., N 18, 105-құжат; 2007 ж., N 9, 67-құжат; N 20, 152-құжат):
1) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) әлеуметтiк оңалту - кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы жүйесiнiң органдары мен мекемелерi жүзеге асыратын өмiрде қиын жағдайға душар болған кәмелетке толмағанды құқықтық, әлеуметтiк, дене бiтiмi, психикалық, педагогикалық, моральдық және (немесе) материалдық жағынан қалпына келтiруге бағытталған шаралар кешенi;
2) жеке профилактикалық жұмыс - жеке және заңды тұлғалардың өмiрде қиын жағдайға душар болған кәмелетке толмағандар мен тұрмысы қолайсыз отбасыларын, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды құқық бұзушылықтар немесе қоғамға жат iс-әрекеттер жасауға тартып жүрген өзге де адамдарды уақтылы анықтау, оларды әлеуметтiк оңалту және (немесе) олардың құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу жөнiндегi қызметi;
3) кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу (бұдан әрi - кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы) - кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз, панасыз қалудың және қоғамға жат iс-әрекеттердiң алдын алуға, оларға ықпал ететiн себептер мен жағдайларды анықтауға және жоюға бағытталған, кәмелетке толмағандармен, кәмелетке толмағандардың оларды тәрбиелеу, оқыту немесе бағып-күту жөнiндегi мiндеттерiн орындамайтын не олардың мiнез-құлқына терiс әсер ететiн ата-аналарымен немесе басқа да заңды өкiлдерiмен, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды құқық бұзушылықтар немесе қоғамға жат iс-әрекеттер жасауға тартып жүрген өзге де адамдармен жеке профилактикалық жұмысты қоса жүзеге асыратын құқықтық, педагогикалық және өзге де шаралар жүйесi;
4) кәмелетке толмағанды бағып-күту - кәмелетке толмағанның ата-анасының немесе басқа да заңды өкiлдерiнiң өздерiнiң қаржылық мүмкiндiктерiнiң және қабiлеттерiнiң шегiнде оның толыққанды дамуы, оның мүлiктiк және мүлiктiк емес құқықтары мен мүдделерiн және мемлекеттiк ең төмен әлеуметтiк стандарттарды қорғау үшiн жағдай жасауы;
5) кәмелетке толмағанды тәрбиелеу - балаға қоғамда қалыптасқан және оның рухани, дене бiтiмi, имандылық, психикалық, мәдени, зияткерлiк жағынан дамуына және әлеуметтiк ортаның терiс ықпалынан қорғауға бағытталған мiнез-құлық ережелерi мен нормаларын дарыту жөнiндегi ата-анасының немесе басқа да заңды өкiлдерiнiң, сондай-ақ мемлекеттiк органдар қызметкерлерiнiң тарапынан оған әсер ететiн үздiксiз процесс;
6) қадағалаусыз қалған бала - ата-анасының немесе олардың заңды өкiлдерiнiң, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды қадағалауды жүзеге асыруға мiндеттi оқыту, тәрбиелеу және өзге де мекеме педагогтарының, тәрбиешiлерiнiң және басқа да қызметкерлерiнiң тарапынан оны тәрбиелеу, оқыту және (немесе) бағып-күту жөнiндегi мiндеттердi орындамауы немесе тиiсiнше орындамауы салдарынан не оның үйден немесе баланың құқықтарын қорғау жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын ұйымдардан өз бетiмен кетуi салдарынан мiнез-құлқына бақылау болмаған кәмелетке толмаған бала;
7) қадағалаусыз қалу - кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылықтар жасауына ықпал ететiн, олардың мiнез-құлқы мен тұрмыс жағдайына тиiсiнше бақылаудың жоқтығымен сипатталатын әлеуметтiк құбылыс;
8) өмiрде қиын жағдайға душар болған балалар - қалыптасқан жағдайлардың салдарынан тiршiлiк әрекетi бұзылған және осы жағдайларды өз бетiнше немесе отбасының көмегiмен жеңе алмайтын балалар;
9) панасыз қалған бала - тұрғылықты жерi жоқ қадағалаусыз қалған бала;
10) тұрмысы қолайсыз отбасы - кәмелетке толмағандардың ата-анасы немесе заңды өкiлдерi оларды тәрбиелеу, оқыту, бағып-күту жөнiндегi өз мiндеттерiн орындамайтын және (немесе) олардың
мiнез-құлқына терiс әсер ететiн отбасы.";
2) 4-баптың 6) тармақшасындағы "мемлекеттiк органдардың, қоғамдық бiрлестiктер мен ұйымдардың" деген сөздер "заңды тұлғалардың" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 9-баптың 4-тармағындағы "және жауапты хатшы", "мен жауапты хатшы" деген сөздер тиiсiнше "және хатшы", "мен хатшы" деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 13-баптың 2-тармағындағы "Спирт iшiмдiктерiн" деген сөздер "Алкогольдiк iшiмдiктердi" деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 15-баптың 8) тармақшасындағы "спирт iшiмдiктерiн" деген сөздер "алкогольдiк iшiмдiктердi" деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 19-бапта :
1-тармақтың 3) тармақшасындағы "спирт iшiмдiктерiн" деген сөздер "алкогольдiк iшiмдiктердi" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақ "оларға қатысты" деген сөздерден кейiн ", сондай-ақ кәмелетке толмағандарды құқық бұзушылықтар немесе қоғамға жат iс-әрекеттер жасауға тартып жүрген өзге де адамдарға қатысты" деген сөздермен толықтырылсын;
7) 20-бапта :
2) тармақша "прокурордың," деген сөзден кейiн "тергеушiнiң," деген сөзбен толықтырылсын;
4) тармақша "заңды өкiлдерiне" деген сөздерден кейiн ", сондай-ақ кәмелетке толмағандарды құқық бұзушылықтар немесе қоғамға жат iс-әрекеттер жасауға тартып жүрген өзге де адамдарға" деген сөздермен толықтырылсын;
8) 21-бап "заңды өкiлдерiне" деген сөздерден кейiн ", сондай-ақ кәмелетке толмағандарды құқық бұзушылықтар немесе қоғамға жат iс-әрекеттер жасауға тартып жүрген өзге де адамдарға" деген сөздермен толықтырылсын;
9) 22-баптың 1-тармағы "заңды өкiлдерi" деген сөздерден кейiн ", сондай-ақ өзге де адамдар" деген сөздермен толықтырылсын;
10) 23-баптың 5) тармақшасындағы "спирт iшiмдiктерiн" деген сөздер "алкогольдiк iшiмдiктердi" деген сөздермен ауыстырылсын.
2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Президентi Н. Назарбаев