Іс-шаралар » Страница 2 » "Әлия Молдағұлова атындағы орта мектебі" КММ
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Шу ауданы білім бөлімінің
«Әлия Молдағұлова атындағы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727638) 5-4-13
Есепші бөлімі:
+7(727638) 5-40-13
Нашар көрушілер
нұсқасы
Үш бәйтерек танымдық сағаты
09
ақпан
2024
Үш бәйтерек танымдық сағаты
Әлия Молдағұлова орта мектебінде 6-7 сынып оқушыларымен кітапханашы Бану Молдахунова мен қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі  К. Құрманбекова  «Үш бәйтерек» тақырыбында танымдық сабағын өткізді. Ұлтымыздың  мақтаныштары Сәкен  Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіров  өмірі мен шығармашылығы туралы деректер мен мәліметтер айтылды.
Ұлттық құндылықтар- асыл қазына»
09
ақпан
2024
Ұлттық құндылықтар- асыл қазына»
Әлия Молдағұлова орта мектебінде 11-сынып оқушыларымен қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі  Жанерке Әуелбаева  оқушылармен ұлтымыздың құндылықтарын дәріптеу мақсатында «Ұлттық құндылықтар- асыл қазына»  тақырыбында  танымдық сағатын өткізді.
Ақиық ақын-Мұқағали танымдық сағаты
09
ақпан
2024
Ақиық ақын-Мұқағали танымдық сағаты
Әлия Молдағұлова атындағы орта мектебінде ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туылған күніне орай ақын өлеңдеріне қызығушылығын ояту және өмірбаянымен кеңінен танысу мақсатында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі З.Диханбаева мұғалімдермен "Ақиық ақын-Мұқағали" тақырыбында танымдық  сағатын өткізді.
«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндерінен 5-8,10-сыныптарда аралық аттестаттау
09
ақпан
2024
«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндерінен 5-8,10-сыныптарда аралық
Әлия  Молдағұлова орта мектебінде  директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары З.Диханбаева  5-8, 10 сынып оқушыларына Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі  Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы ұсынған «Білім алушыларды «Қазақ тілі», «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндерінен 5-8,10-сыныптарда аралық аттестаттау бойынша әдістемелік ұсыныммен  таныстырып өтті.
Кәсіби бағдар бойынша дайджест
07
ақпан
2024
Кәсіби бағдар бойынша дайджест
Әлия Молдағұлова  атындағы орта мектебінің 6 "а" сынып  оқушыларымен кәсіби бағдар беру, мамандық түрлерімен таныстыру мақсатында  Карлыгаш Нурманованың ұйымдастыруымен  дайжест өткізілді. Оқушылар мамандық түрлерімен танысып,  сұрақтарға жауап беріп, белсене қатысты.
Ғажайып алаң ойыны
06
ақпан
2024
Ғажайып алаң ойыны
Әлия Молдағұлова атындағы орта мектебінде оқушылардың меңгерген білім деңгейін анықтау, ойлау қабілеттерін дамыту, сөйлеу мәдениетін жетілдірy, білімді, жан-жақты болуға үйрету мақсатында математика пәні мұғалімі А.Жүнісбеков 7-10 сынып оқушылары арасында "Ғажайып алаң" ойынын өткізді.   
Геометриялық фигуралар сыныптан тыс іс-шара
05
ақпан
2024
Геометриялық фигуралар сыныптан тыс іс-шара
Әлия Молдағұлова атындағы орта мектебінде 7-11 сыныптар арасында математика пәні мұғалімі А.Жүнісбековтың ұйымдастыруымен оқушылардың геометрия пәніне қызығушылықтарын арттыру және  логикалық ойлау қабілетін жетілдіру мақсатында "Геометриялық фигуралар" тақырыбында сыныптан тыс іс-шара өткізді. Оқушылар берілген тапсырмаға сай  топпен әртүрлі фигуралар жасап, қорғап шықты.  
Кәсіби мамандық бойынша сынып сағаты
02
ақпан
2024
Кәсіби мамандық бойынша сынып сағаты
Әлия Молдағұлова атындағы  орта мектебінде  3 сынып  оқушыларымен Иманова  Фарида  сынып сағатын өткізді. Мақсаты:  оқушыларға кәсіби бағдар бойынша ақпарат беру, мамандық түрлерімен таныстыру. #Шуауданыбілімбөлімі
Алаш» ұлттық идеясының тұжырымдамалық негіздері тақырыбында танымдық лекция
02
ақпан
2024
Алаш» ұлттық идеясының тұжырымдамалық негіздері тақырыбында танымдық
Әлия Молдағұлова атындағы орта мектебінде тарих пәнінің мұғалімі Г.Уәлиеваның ұйымдастыруымен Қазақстан тарихы пәнінен «Қорытынды аттестаттау мен ҰБТ-ға дайындық» жұмыстарын жүргізу мақсатында «Алаш» ұлттық идеясының тұжырымдамалық негіздері тақырыбында танымдық лекция сабағы өтілді.
Олимпиада жұмысы
02
ақпан
2024
Олимпиада жұмысы
Әлия Молдағұлова атындағы орта мектебінде 2 ақпан күні қазақ тілі мен әдебиеті айлығы барысында оқушылардың шығармашылығы мен дарындылығын айқындау барысында олимпиаданың 1 туры өткізілді. Сонымен қатар 7-10 сыныптар арасында   "Ана тілім—байлығым" тақырыбында тұрақты тіркестердің мағынасы мен мәнін ашу, оқушылардың білімдерін жетілдіру мақсатында пән мұғалімдері Ж. Ауелбаева, З. Диханбаева, К. Құрманбекованың ұйымдастыруымен танымдық сағаты өтті.