19
желтоқсан
2024
«Жарқын бейне» тақырыбында семинар- практикум
19- шы желтоқсан күні Әлия Молдағұлова атындағы орта мектебінде Кеңес одағының батыры, қазақтың мерген қызы Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына орай Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектебінің кітапханашыларының бірлесіп ұйымдастыруымен Әлия Молдағұлованың қайсарлығы мен ерлігін таныстыра отырып, елін жерін сүйетін еліміздің патриот ұл-қыздарын тәрбиелеу.Патриоттық сезімді қалыптастыру, батырдың өмірі мен ерлігін болашаққа үлгі ете отырып насихаттау мақсатында «Жарқын бейне» тақырыбында аудандық кітапханашыларға арналған семинар- практикумы өтті. Бағдарлама аясында мектеп директоры Тогузаков Айдос Еркебұланұлы мен Шу ауданы білім бөлімінің әдіскері Сабалақова Гулзат Қасымханқызы құттықтау сөз сөйлеп кітапханашыларға іс- тәжірибе алаңын ашып берді. Мектеп психологы Жауғашева Гауһар Тасболатқызы "Кітапханашыларға арналған демалыс минуттары" атты психологиялық тренинг өткізді. Негізгі бөлімде мектеп кітапханашысы Молдахунова Бану «Жарқын бейне» тақырыбында презентациялық шолу жасаса,тарих пәнінің мұғалімі Айдарқұлова Ақерке «Әлия ерлігі өшпес тарих» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді.
Мәншүк Мәметова атындағы орта мектебінің кітапханашысы Карнакбаева Гульмира Аскербекқызы іс-тәжірибе алаңына «Бұлтты сөздер» әдісін көрсетсе , Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектебінің кітапханашысы Назарова Дамира Серікқызы кітапхана жұмысын есепке алу күнделігін жүргізудің озық үлгісін көрсетті.
Семинар соңында Шу ауданы білім бөлімінің әдіскері Сабалақова Гулзат Қасымханқызы қорытынды сөз сөйлеп, семинарға белсене ат салысқандарды алғыс хаттармен марапаттады.
Құттықтаймыз! 



















