21
желтоқсан
2022
"Суицидтің алдын алу бағдарламасын іске асырудағы ата-ананың рөлі" тақырыбында семинар
Әлия Молдағұлов атындағы орта мектебінің психологы Жауғашева Гауһар Тасболатқызы 8-9-10 сынып оқушыларының ата-аналарымен мектептегі жасөспірімдердің физикалық және психикалық денсаулығын нығайту және деструктивті мінез -құлықтың алдын алу мақстаныда "Суицидтің алдын алу бағдарламасын іске асырудағы ата-ананың рөлі" тақырыбында семинар өткізді. Семинар барысында ата-аналарға психикалық денсаулық туралы мағлұматтар айтып,бағдарламаның маңыздылығы мен өзектілігін түсіндіре отырып, бағдарлама аясында жүргізілетін жұмыс түрімен таныстырып өтті.Сонымен қатар оқушылардан сауалнама алу үшін ата-аналардың рұқсатын алып,келісім парағына таныстыру жұмысын жүргізді. Сондай ақ, "Жүрек жылуы" тақырыбында психологиялық тренинг өткізіп,кеңестер беріп өтті.













