Іс-шаралар » Страница 5 » "Әлия Молдағұлова атындағы орта мектебі" КММ
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Шу ауданы білім бөлімінің
«Әлия Молдағұлова атындағы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727638) 5-4-13
Есепші бөлімі:
+7(727638) 5-40-13
Нашар көрушілер
нұсқасы
Сынып жетекшілер отырысы
16
қаңтар
2024
Сынып жетекшілер отырысы
Әлия Молдағұлова атындағы орта мектебінде «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында жылдық жоспарға сәйкес 16 қаңтар күні сынып жетекшілер  отырысының жиналысы болып өтті. Жиналысты директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ш. С. Илкибаева жүргізіп, алдағы уақыттағы атқарылатын іс-шара жоспарымен таныстырып, сынып жетекшілер өз ойларымен бөлісіп, пікір алмасты.#Біртұтас_тәрбие #Шу_ауданының_білім_бөлімі
Миллион кімге бұйырады!?  интеллектуалды ойын
16
қаңтар
2024
Миллион кімге бұйырады!? интеллектуалды ойын
Әлия Молдағұлова атындағы орта мектебінде математика және информатика айлығы жоспарына сай оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, ізденімпаздыққа, өз бетімен еңбектенуге тәрбиелеу, танымдық білімдерін арттыру мақсатында 7-11 сыныптар арасында математика пәні мұғалімі А. Жүнісбековтың ұйымдастыруымен «Миллион кімге бұйырады?» атты сыныптан тыс интеллектуалды ойын өткізілді.  #Шуауданыбілімбөлімі
Үздік аттестатқа үміткер оқушылармен сұхбат
15
қаңтар
2024
Үздік аттестатқа үміткер оқушылармен сұхбат
Әлия Молдағұлова атындағы орта мектебінің директоры А.Е.Тогузаков  2023-2024  оқу жылындағы үздік аттестатқа үміткер оқушылардың  шығармашылық қабілеті, қорытынды аттестаттауға  дайындық барысындағы қызығушылықтары мен  кездесетін қиындықтарын білу  мақсатында 9-сынып оқушылары Әбдіқадыр Жансая, Нәдірбек Айсұлу , 11 сынып оқушылары Шәми Нұрсерік, Нуридин Азаматпен сұхбат жүргізіп, өзіндік пікірін  білдіріп, оқушыларға сәттілік тіледі.#Шуауданыбілімбөлімі
ҰБТ-ге, қорытынды аттестаттауға дайындық барысы
11
қаңтар
2024
ҰБТ-ге, қорытынды аттестаттауға дайындық барысы
Әлия Молдағұлова  атындағы орта мектебінің 11 сынып оқушылары мен  ата— аналарының, пән мұғалімдерінің  қатысуымен  ҰБТ — ге және қорытынды аттестаттауға   дайындықтың тиімділігін  айқындау мақсатында сынып жиналысы өткізілді. Жиналыста мектеп директоры А.Тогузаков  ҰБТ —дің салыстырмалы түрдегі  мониторингімен  таныстырды.  Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары З. Диханбаева 2023-2024 оқу жылындағы ҰБТ тапсыру ерекшеліктерімен таныстырып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Педагог -кәсіби
Математика, информатика айлығының ашылуы
08
қаңтар
2024
Математика, информатика айлығының ашылуы
Шу ауданы білім бөлімінің  әдістемелік кабинетінің кестесіне сай Әлия Молдағұлова  атындағы орта мектебінде «Әлем бейнеленген нақты ғылымдар» атты математика және информатика бірлестігінің айлығының ашылу салтанаты болды.Оқушыларға математика, информатика  ғылымдарына қатысты сұрақтар қойып, шашки ойынын ойнап,  оқушыларды аталған пәндерге қызығушылықтарын арттыруға бағытталған тапсырмалар болды. "Математика және информатика" айлығының ашылуы өз дəрежесінде өтті. 
Рейд жұмысы
02
қаңтар
2024
Рейд жұмысы
Әлия Молдағұлова атындағы орта мектебінде директордың тәрбие ісі-жөніндегі орынбасары Ш.С.Илкибаева мен мектеп психологы  Г.Т.Жауғашева және дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Н. А. Манатай кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында жоспарға сәйкес жаңа жыл қарсаңында түнгі рейдке шықты. Рейд жұмыстары барысында заңды өкілінсіз  жүрген оқушылар анықталмады.
Бабалар дәстүрі ұрпаққа өсиет
26
желтоқсан
2023
Бабалар дәстүрі ұрпаққа өсиет
Әлия Молдағұлова атындағы орта мектебінде «Даналық мектебі» клубының жұмыс жоспарына сәйкес бабаларымыздан келе жатқан рухани дәстүрлерімізді, құндылықтарымызды насихаттау, ұлттық рухани құндылықтарын тәрбиенің негізгі өзегіне айналдыру мақсатында «Бабалар дәстүрі-ұрпаққа өсиет»  тақырыбында аталар мен немерелер арасында сайыс өткізілді. #атааналардыпедагогикалыққолдауорталығы  #даналықмектебі #біртұтастәрбие
Робототехника үйірмесі жұмысы
05
желтоқсан
2023
Робототехника үйірмесі жұмысы
Әлия Молдағұлова атындағы орта мектебінде "Робототехника"  үйірмесінің жұмыс жоспарына сәйкес үйірме жетекшісі  А.Кәдірбергенова  мен  оқушылар "Шыбын" роботын құрастыруда  Үйірменің мақсаты : робототехника құрал-жабдықтар көмегімен пайдалы дағдылар мен ғылыми-техникалық бағыттағы креативті шығармашыл ойлауды, сонымен қатар стандартты шешімдерді табу үшін ынталандыру және мотевациялы жеке тұлғаны қалыптастыру.
Үй іргесіндегі телім үйірме жұмыстары
05
желтоқсан
2023
Үй іргесіндегі телім үйірме жұмыстары
Әлия Молдағұлова атындағы орта мектебінде "Үй іргесіндегі телім" үйірмесінің жұмыс жоспарына сәйкес үйірме жетекшісі  Р. Батырбеков пен оқушылар мектеп жылыжайында көкөністерді баптап өсірумен айналысуда.  Үйірменің мақсаты : оқушылардың теориялық алған білімдерін еңбекпен ұштастыру.
Мектептерге арналған PISA-2023 халықаралық зерттеуі
23
қараша
2023
Мектептерге арналған PISA-2023 халықаралық зерттеуі
Әлия Молдағұлова  атындағы орта мектебінде 23— қараша күні "мектептерге арналған PISA"  халықаралық оқушы қабілетін бағалау өткізілді. Мақсаты:  мектеп бағдарламасын меңгеру ғана емес,  жеке тұлғаның дамуындағы білімін, дүниетанымын, сауаттылығын шыңдау.