10
қаңтар
2025
БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІ БАСТЫ НАЗАРДА!
БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІ БАСТЫ НАЗАРДА!
Әлия Молдағұлова атындағы орта мектебінде 9 қаңтар күні жалпы мектепішілік ата - аналар жиналысы болды. Жиналысқа Шу ауданы әкімінің орынбасары Сұлтанбаев Найман Кенжеханұлы, Шу ауданы білім бөлімі басшысының уақытша міндетін атқарушы Балтабай Нұрбақыт, Шу АПБ жергілікті полиция қызметі бөлімшесі ЮПТ полиция аға лейтенанты Қыздарбеков Нариман Ақбергенұлы, Дулат ауылдық округінің әкімі Кірпікбаев Біржан Ержанұлы қатысып, күн тәртібіндегі мәселелер бойынша сөз сөйледі. Жиналыс барысында балалардың кешкі уақытта заңды өкілінсіз жүрмеуін қатаң қадағалау, мектеп пен ата-ана тарапынан бала қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, бақылауда ұстау, көшеде мотоцикл, электромопед айдамау, зорлық - зомбылықтың алдын алу жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді.