Өткізілген іс-шаралар









Әлия Молдағұлова атындағы шағын орталықты мектебінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бұйрық шығарылып,іс – шара жоспары бекітілген.Қауіпсіздік ережесіне сай мектебімізде кезекшілік кестесі бекітіліп,бейнекамералар орнатылған.
2020 жылдың қыркүйек айының 15 – сі күні мектепте жалпы ата – аналар жиналысы өткізілді.Ата – аналарға «Бала қауіпсіздігі – басты назарда» тақырыбында баяндама оқылып,түсіндірме жұмыстары жүргізіліп,бейнероликтер көрсетілді.
Балалардың есірткі құралдарын тарату мен пайдалануға қатысу деректерінің алдын алуға және жолын кесуге бағытталғын, сондай-ақ белгісіз тұлғалардан кондитерлік тағамдар мен сағыз өнімдерін сатып алуға жол бермеуді түсіндіре отырып, 5-11 оқушыларына сынып сағаттары өткізілді.Барлық сыныптарда «Жол ережесін сақта», «Өрт – тілсіз жау», «Суда шомылуда абай бол», «Нашақорлық және құқық бұзушылық» тақырыбында қауіпсіздік сабақтары жүргізілді.1 – 4 сыныптар арасында «Жол ережесін білесің бе?» тақырыбында сурет байқауы ұйымдастырылды. «WhatsApp» желісі арқылы жалған ақпараттарды тарату Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 274 бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілікке әкеліп соғатындығы жөнінде ДТІЖ орынбасары Ш.С.Илкибаева және мектеп инспекторы Қ.Р.Адашов ата-аналар мен оқушылар және арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.1-11 сынып оқушыларына сынып сағаттары өткізілді.Балалардың қауіпсіздігіне сақталу жағдайына күнбе-күн талдау жүргізіледі, құқық бұзушылықтын алдын алу кеңесі ай сайын жүргізіледі..Балалардың психологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мектеп психологі Г.Т.Жауғашева сауалнама жүргізіп, психологиялық диагностикалау нәтижесіне талдау жұмыстарын жүргізеді.Мектеп инспекторы Қ.Р.Адашов бейнебақылау камераларына түскен бейнематериалдарды аптасына қарап , нәтижесін шығарып отырады. Балалардың қауіпсіздігі мәселелері бойынша ата-аналар жиналысы уақытылы өткізіліп отырады.Оқушылар арасында «Баланың қауіпсіздігі сақтала ма?» атты арнайы сауалнамалар жүргізілді. Мектебімізде «Бала қауіпсіздігінің ережелері» тақырыбында ақпараттық стендтер мен парақшалар ілулі. БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) Мектептердегі зорлық-зомбылықтың алдын алу және оған орай әрекет ету бағдарламасын іске асыру бойынша нұсқаулыққа сәйкес мектептерде «Мектептің қауіпсіздік командасы» құрылып, жұмыс өз дәрежесінде жүргізілуде.Мектеп медағасы С.Хасенов оқушыларға жеке бас гигиенасы және сақтық шаралары туралы кеңестер беріп отырады.Оқушыларға арнайы дайындалған жол ережесі,вирустан қорғану туралы бейнероликтер көрсетілді.