01
қараша
2024
«Виртуалды әлемдегі бала болмысы»
Шу ауданының білім бөлімінің 1.11.2024 жылғы № 02-03/26-27 хаты негізінде Әлия Молдағұлова атындағы орта мектебінде «Виртуалды әлемдегі бала болмысы» тақырыбында бірыңғай ата-аналар жиналысы өткізілді.
Қазіргі уақытта Ғаламтор желісіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау мен шынайы өмірдегі қауіпсіздік ережелері өзара тығыз байланысты!Баланың бойындағы қорқыныш- үрей, көңілсіздік пен проблемалық мазасыздықты танып білу белгілерімен таныстырылып, интернеттегі қауіптердің алын алу бойынша ұсыныстар берілді.
Әрбір ата-ана, ұстаздар тарапынан да оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында олардың ғаламтор желісін дұрыс әрі тиімді пайдалануын үнемі бақылауда ұстап, қадағалап отыру ұсынылды.
Ата-аналарға балаларының «Facebook», инстаграмм , «Telegram» , «Whatsapp» әлеуметтік желілеріндегі виртуалды достарына назар аударып,қадағалау қажеттілігі ескертілді, тиым салынатын қауіпті ойындар таныстырылып, лудомания туралы айтылып өтті және жадынамалар таратылды.
Мектеп психологі Г.Т.Жауғашева ата-аналармен сергіту тренингін өткізді.