08
ақпан
2021
Қорытынды аттестаттау және ҰБТ-ге дайындау бойынша ШТАБ отырысы
Әлия Молдағұлова орта мектебінде мектеп бітіруші түлектермен қорытынды аттестаттау мен ҰБТ-ге дайындық жұмыстары бойынша ШТАБ отырысы болды Штаб отырысында:
1. Оқушыларды ҰБТ-ге дайындаудағы тиімді әдіс-тәсілдер;
2.Сынама тест қорытындысы бойынша пән мұғалімдерінің талдауы қаралды.
Пән мұғалімдері сынама тест нәтижелеріне талдау жасап, оқушылардың білім сапасын арттыру мақсатында өз тәжірибелерімен бөлісті. Мектеп психологы Г.Жауғашева қорытынды аттестаттау және ҰБТ-ге қатысатын оқушылармен жүргізілген сауалнама,тренинг қорытындысын баяндады. ШТАБ отырысында пән мұғалімдеріне оқу білім сапасын арттыру басты назарда болу керектігі айтылды.




