24
қыркүйек
2019
Қыздар жиналысы
2019 жылдың 24-қыркүйек күні Әлия Молдағұлова атындағы шағын орталықты орта мектебінде «Қыз - ұлттың ұяты, халықтың шырайы» тақырыбында қыздар жиналысы болып өтті. Мектеп психологы Г.Жауғашева баяндама жасап, ертежүктіліктің зардабы туралы бейнеролик көрсетті. Тәлімгер Қ.Нұрманова қыздар ұйымының мүшелерін таныстырып, қыздарға жеке бас тазалығы туралы айтып өтті. Жиналысқа сынып жетекшілер мен 5-11 сынып қыздары қатысты.















