22
қазан
2024
Өзін-өзі басқару ұйымының Президентін сайлауы
22-қазан күні Ә.Молдағұлова атындағы орта мектебінде оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымының Президентін сайлау іс-шарасы өтті. Биылғы мектеп Президенттігіне үміткер болып екі оқушы тіркеліп, өздерінің жұмыс жоспары мен алға қойған мақсаттарын жариялап, үлкен белсенділік танытты. Президенттікке үміткер оқушыларды сайлауға аға тәлімгер А. А. Жайлау, мектеп оқушылары мен комиссия мүшелері ДТІЖО Ш.С.Илкибаева, педагог-ұйымдастырушы М.Ж.Бектемисов, тарих пәнінің мұғалімі А.Т.Айдаркулова қатысып, белсенді, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары, мектеп басшылығымен бірге оқу үдерісін ұйымдастырудағы мәселелерді шешуге қатыса алатын жауапты, тәртіпті кандидаттарына дауыс берді. Нәтижесінде мектебіміздің 10 «А» сынып оқушысы Әбдіқадыр Жансая басым дауысқа ие болып, мектеп Президенттілігіне сайланды. Құттықтаймыз!
