06
ақпан
2023
Мектеп директорының кәсіподақ есебі
Әлия Молдағұлова атындағы орта мектебінде 2021-2023 жылдарға жасалған ұжымдық шарттың орындалуы туралы кәсіподақ ұйымының есеп беру жиналысы өткізілді. Жиналысқа 61 кәсіподақ мүшесінің 50-і қатысты. Жиналысқа мүшелердің 80 пайызы қатысып отырғандықтан бірауыздан қолдау тауып мектептегі ұжымдық шарттың орындалуы, мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары З.Диханбаева мектептің жеткен жетістіктері туралы слайд арқылы мәлімет берді. Осы уақытқа дейін кәсіподақ ұйымының жұмысын тиімді ұйымдастырған әрі ұжымның алғысына бөленген Гүлғайша Уәлиева кәсіподақ мүшелерінің бірауыздан дауыс беруімен 5 жыл мерзімге қайта сайланды. Математика пәні мұғалімі А.Жүнісбеков, кіші қызметкер Е.Құрманғалиев аудандық кәсіподақ комитеті тарапынан «Құрмет» граммотасымен марапатталды.







