04
қазан
2022
"Дублер күні"
Әлия Молдағұлова атындағы орта мектебінде ұстаздар мерекесіне орай "Дублер күні" ұйымдастырылды.
Мақсаты: мектептегі өзін- өзі басқару жұмысын жандандыру, тұлғаның көшбасшылық қасиетін ашу және білім алушылардың ұйымдастырушылық қабілетін іске асыру. Осы мақсатты жүзеге асыруда мектеп оқушылары ерекше қызығушылық танытты. 9-11сынып оқушылары мұғалімдердің басшылығымен сабақ кестесін құрып, әр сабақтың жоспарын жазды. Мұғалімдік бағытты таңдап отырған оқушылар өздерінің бейім пәндері бойынша бір күн мұғалімдерге дублер болды. Осы орайда дублер оқушылар сабаққа ынта- ықыласымен дайындалып, түрлі әдістермен тәжірибелер көрсетіп, төменгі сынып оқушыларын қызықтыра білді. Мектеп ұстаздары тек бақылап бағыт-бағдар беріп отырды. Оқушылар бір күн дублер бола отырып, мектеп өмірінің бір күндік тыныс тіршілігімен араласып дублер болған оқушыларымыз ұстаз болу қиын ғана емес, қызықты да мамандық екен деп ортақ ой қалыптастырды.



