03
қазан
2019
"Эко сағат" акциясы
2019 жылдың 3 қазан күні Әлия Молдағұлова атындағы шағын орталықты орта мектебінде 'Экологиялық сағат" акциясы өткізіліп ,мектеп оқушылары 20 түп қара ағаштарының көшеттерін отырғызып, республикалық акцияға белсене қатысты. Іс-шараның мақсаты мектеп оқушылары арасында экологиялық мәдениетке,тазалыққа, табиғатты аялауға тәрбиелеу жұмыстарын жандандыру. Акция барысында 1-9 сыныптар арасында "Жердің температурасы бар", 3-11 сынып оқушылары арасында «Мұхиттардың қауіпті жағдайы», «Егер Жер алма болса» тақырыбында бастауыш сыныптар арасында экосағат өтті.













