"Зорлық зомбылықсыз балалық шақ"
Ә. Молдағұлова атындағы шағын орталықты орта мектебінде
«Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ»республикалық ақпараттық науқанын (РАН) ұйымдастыру және өткізу бойынша 2018 жылғы 12-23 қараша аралығына арналған іс-шаралар жоспары бекітіліп төмендегідей жұмыстар атқарылды.
Зорлық-зомбылықтың алдын-алу, түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында 8-9-10сынып оқушыларына тәлімгер Қ. Нұрманова мектептегі әлімжеттік, бопсалау, күш көрсету арқылы оқушылардан ақша жинайтындарға қалай төтеп беруге болатындығын насихаттайтын бейнероликтер көрсетті. Оқушыларға түсіндіру жұмыстары слайд арқылы жүргізілді.
Сонымен қатар, психолог Г.Жауғашева «Отбасындағы зорлық – зомбылыққа жол бермейік!» тақырыбында семинар - тренинг өткізді.
Оқушылардың бір-бірін сыйлауға, адамгершілікке тәрбиелеу мақсатында 9- 10сыныптар арасында Ж.Ауелбаеваның ұйымдастыруымен «Әлемді зорлық – зомбылықсыз құру жолдары» атты эссе байқауы өткізілді. Байқау қорытындысы бойынша 10-сынып оқушылары Жұмай Луйза мен Төкен Айзада өте жақсы деп бағаланды. Сонымен қатар, 9-10 сынып жетекшілері «Өмірдің қауіпті қырлары жәнеолардан өту жолдары» тақырыбында сынып сағатын өткізді.



