ХАБАРЛАНДЫРУ
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің басталғаны туралы хабарландыру!
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің басталғаны туралы анонс жұртшылықты хабардар ету және оларды сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу процесіне тарту үшін (талдау жүргізу туралы бұйрыққа енгізу үшін) өткізіледі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V ҚР заңының 8-бабының 5-тармағына, "Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2023 жылғы 16 қаңтардағы №21 бұйрығына сәйкес «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Абай атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу тәртібін басшылыққа ала отырып, 2026 жылдың 01 сәуір мен 2026 жылдың 12 мамыр аралығында 2026 жылға сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіледі.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізетін мектептің орналасқан жері:
Жамбыл облысы, Шу ауданы, Дулат ауылдық округі Бөлтірік ауылы, Темірқазық көшесі №1