БІРІНШІ СЫНЫПҚА ҚАБЫЛДАУ ТУРАЛЫ » "Әлия Молдағұлова атындағы орта мектебі" КММ
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Шу ауданы білім бөлімінің
«Әлия Молдағұлова атындағы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727638) 5-4-13
Есепші бөлімі:
+7(727638) 5-40-13
Нашар көрушілер
нұсқасы
28
наурыз
2022

БІРІНШІ СЫНЫПҚА ҚАБЫЛДАУ ТУРАЛЫ

🔰1 СӘУІРДЕН БАСТАП БІРІНШІ СЫНЫПҚА ҚАБЫЛДАУ ЭЛЕКТРОНДЫ ФОРМАТТА ЖҮРГІЗІЛЕДІ
Бірінші сынып оқушыларының құжатын қабылдау 2022 жылдың  1 сәуірінде басталып, 1 тамызға дейін жалғасады.
2022 жылдың 1 сәуірінен бастап аудан мектептерінде  2022-2023 оқу жылына 1-сыныпқа қабылдау үрдісі басталады. Білім беру ұйымы қызмет көрсететін аумақта тұратын барлық балалардың қолжетімділігін қамтамасыз ете отырып, алты жастағы және күнтізбелік жылда алты жасқа толатын балаларды бірінші сыныпқа қабылдауды қамтамасыз етеді.
Аудан бойынша 2022-2023 оқу жылында 1-сыныпқа  1991 ден  аса бала қабылдау жоспарлануда. 
Құжаттар мектептің қызмет көрсету аумағынан алғашқы 3 өтініш берушіден, одан кейін басқа шағын учаскеден 1 өтініш берушіден (3:1 қағидаты бойынша) қабылданады.
Ата-аналар назарына‼️
❗️Бірінші сыныпқа балалардың құжаттарын қабылдау 1 сәуірден басталады. Мектепке алты жасар балалар мен ағымдағы күнтізбелік жылы 
6 жасқа толатын балалар қабылданады. 
❗️Айта кету керек, баланың жасы 1 қыркүйек айы жағдайына толық 6 жасқа толған болса, барлық балалар қабылданады. Ал жасы толық 6-ға толмаған балалардың (олардың жасы үстіміздегі жылы 1 қыркүйектен кейін толатын болса) тек ата-аналары немесе басқа заңды тұлғалары қалаған жағдайда мектепке бару мүмкіншіліктері бар. 
❗️Мектепке құжаттар «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электрондық нысанда жіберіледі. 
❗️Ережеге сәйкес 1-сыныпқа қабылдау кезінде алдымен қызмет көрсету аумағынан өтініш (тіркелу орны бойынша) білдірген үш үміткер, содан кейін басқа аумақтан бір үміткер қабылданады. 
❗️Білім беру ұйымы міндетті көрсетілген тізбеден тыс  құжаттарды тапсыруды өтініш берушіден (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 564 бұйрығы) талап етуге құқығы жоқ. 
❗️Ата-аналар электронды форматта өтініш, туу туралы куәлік көшірмесін, баланың денсаулығы паспорты, денсаулық жағдайы туралы № 063/у нысанындағы анықтама және 2 фотосурет тапсырады.
❗️Гимназия, лицейлерден басқа мектептердің барлығы балаларды мектепке еш түсу емтиханысыз қабылдайды.   
                                                         
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив