«Үздік педагог» атағын беру конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті » "Әлия Молдағұлова атындағы орта мектебі" КММ
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Шу ауданы білім бөлімінің
«Әлия Молдағұлова атындағы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727638) 5-4-13
Есепші бөлімі:
+7(727638) 5-40-13
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » » «Үздік педагог» атағын беру конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
07
қыркүйек
2018

«Үздік педагог» атағын беру конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

Жамбыл облысы әкімдігінің

2015 жылғы 27 шілдедегі

№ 160 қаулысымен бекітілген



«Үздік педагог» атағын беру конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті



1.   Жалпы ережелер


1. «Үздік педагог» атағын беру конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі №173 «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін «Үздік педагог» атағын беру және мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің басшылары лауазымдарына орналасу конкурстарына қатысу үшін құжаттарды қабылдау бойынша мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылдың 15 мамырында №11058 тіркелген) бұйрығымен бекітілген  «Үздік педагог» атағын беру конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі – стандарт) сәйкес Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігімен, Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасымен (бұдан әрі – басқарма) және аудандық және қалалық білім бөлімдерімен (бұдан әрі – бөлім) көрсетіледі.

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдау және нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз жүзінде.

3. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі: облыстық комиссия конкурс жеңімпаздарын айқындайды және үшінші (республикалық) кезеңге қатысу үшін ұсынымдама береді.

Мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны – қағаз жүзінде.



2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті

берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылдар тәртібін сипаттау


4. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша іс–қимылды бастау үшін негіздеме стандарттың 1 - қосымшасына сәйкес өтініш болып табылады.

5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс–қимылдың) мазмұны, оларды орындау ұзақтығы:

         Бірінші кезең бөліммен жыл сайын сәуірде өткізіледі. Құжаттар 1 сәуірге дейін қабылданады.

1) бөлім кеңсесінің жауапты маманы стандарттың 9-тармағына сәйкес қажетті құжаттарды қабылдау мен оларды тіркеуді жүзеге асырады және бөлім басшысына одан әрі қарау үшін жолдайды – 20 минут ішінде;

2) бөлім басшысы келіп түскен құжаттарды қарайды және бөлімнің конкурстық комиссиясының (бұдан әрі – конкурстық комиссия) қарауына жолдайды;

3) конкурстық комиссия қатысушыларды бағалау үшін комиссия отырысын өткізеді, келіп түскен құжаттардың талаптарға сәйкестігін қарайды, оның қорытындысы бойынша хаттама әзірлейді. Хаттама негізінде ұсыным-хат дайындалады және бөлім басшысына қол қою үшін жолданады;

4) бөлім басшысы хаттамаға және ұсыным-хатқа қол қояды, бөлім кеңсесінің жауапты маманына тіркеу үшін жолдайды;

5) бөлім кеңсесінің жауапты маманы ұсыным-хатты тіркейді және басқарма кеңсесіне жолдайды.

Екінші кезең басқармамен жыл сайын мамырда өткізіледі. Құжаттар            1 мамырға дейін қабылданады.

1) басқарма кеңсесінің жауапты маманы стандарттың 9-тармағына сәйкес қажетті құжаттарды қабылдайды және тіркейді және одан әрі қарау үшін басқарма басшысына жолдайды;

2) басқарма басшысы тапсырылған құжаттарды қарайды және конкурстық комиссиясының қарауына жолдайды;

3) мүшелерінің саны 5 адамнан кем емес конкурстық комиссиясы конкурс жеңімпаздарын анықтайды, хаттама әзірлейді және хаттама негізінде ұсыным-хат толтырады және басқарма басшысына қол қою үшін жолдайды;

4) басқарма басшысы хаттамаға және ұсыным-хатқа қол қояды, басқарма кеңсесінің жауапты маманына тіркеу үшін жолдайды;

5) басқарма кеңсесінің жауапты маманы ұсыным-хатты тіркейді және құжаттар топтамасын үшінші кезеңге (республикалық) қатысу үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кеңсесіне жолдайды – 30 тамызға дейін.



3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-

қимыл тәртібін сипаттау


7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесіне қатысатын қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

1) бөлім кеңсесінің жауапты маманы;

2) бөлім басшысы;

3) бөлімнің конкурстық комиссиясы;

4) басқарма кеңсесінің жауапты маманы;

5) басқарма басшысы;

6) басқарманың конкурстық комиссиясы.

8. Әрбір рәсімнің (іс–қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс–қимылдардың) реттілігінің сипаттамасы:

Бірінші кезең бөліммен жыл сайын сәуірде өткізіледі. Құжаттар 1 сәуірге дейін қабылданады.

1) бөлім кеңсесінің жауапты маманы стандарттың 9-тармағына сәйкес қажетті құжаттарды қабылдау мен оларды тіркеуді жүзеге асырады және бөлім басшысына одан әрі қарау үшін жолдайды;

2) бөлім басшысы келіп түскен құжаттарды қарайды және бөлімнің конкурстық комиссиясының (бұдан әрі – конкурстық комиссия) қарауына жолдайды;

3) конкурстық комиссия қатысушыларды бағалау үшін комиссия отырысын өткізеді, келіп түскен құжаттардың талаптарға сәйкестігін қарайды, оның қорытындысы бойынша хаттама әзірлейді. Хаттама негізінде ұсыным-хат дайындалады және бөлім басшысына қол қою үшін жолданады;

4) бөлім басшысы хаттамаға және ұсыным-хатқа қол қояды, бөлім кеңсесінің жауапты маманына тіркеу үшін жолдайды;

5) бөлім кеңсесінің жауапты маманы ұсыным-хатты тіркейді және басқарма кеңсесіне жолдайды.

Екінші кезең басқармамен жыл сайын мамырда өткізіледі. Құжаттар  1 мамырға дейін қабылданады.

1) басқарма кеңсесінің жауапты маманы стандарттың 9-тармағына сәйкес қажетті құжаттарды қабылдайды және тіркейді және одан әрі қарау үшін басқарма басшысына жолдайды;

2) басқарма басшысы тапсырылған құжаттарды қарайды және конкурстық комиссиясының қарауына жолдайды;

3) мүшелерінің саны 5 адамнан кем емес конкурстық комиссиясы конкурс жеңімпаздарын анықтайды, хаттама әзірлейді және хаттама негізінде ұсыным-хат толтырады және басқарма басшысына қол қою үшін жолдайды;

4) басқарма басшысы  хаттамаға және ұсыным - хатқа қол қояды, басқарма кеңсесінің жауапты маманына тіркеу үшін жолдайды;

5) басқарма кеңсесінің жауапты маманы ұсыным-хатты тіркейді және құжаттар топтамасын үшінші кезеңге (республикалық) қатысу үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кеңсесіне жолдайды – 30 тамызға дейін.



4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде халыққа қызмет көрсету

орталығымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ ақпараттық

жүйелерді пайдалану


9. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс–қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы осы регламентке 1–қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы «электрондық үкімет» веб-порталында –www.egov.kz, көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурстарында орналастырылады.

Похожие публикации:

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив