20
қаңтар
2025
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ АЙЛЫҚТЫҢ АШЫЛУЫ
Әлия Молдағұлова атындағы орта мектебінің педагог-психологы Жауғашева Гауһар Тасболатқызы Шу ауданы білім бөлімінің № 0203/0081 хатына сәйкес 20 қаңтар мен 20 ақпан аралығы психологиялық айлық болып бекітілді. Мектептің ұстаздары мен 7-11 сынып оқушылары арасында адамдардың бір-бірлеріне жақсылық тілеуге, қоғамда мейірімділік пен сыйластықты арттыру, адамдардың бір-біріне жылы сөз айтуын насихаттау. Ең бастысы-шынайылық пен жылулық атмосферасын қалыптастыру мақсатында психологиялық айлықтың ашылу салтанатын "Жақсы тілек айту күні" тақырыбында өткізді. Шара барысында жақсы тілектер айтылып, тәттілер ұсынылды.Танымал тұлғалардың мектебіміздің ұстаздары мен шәкірттеріне арнайы жақсы тілек айтып жолдаған видео үндеулері көрсетілді.