03
ақпан
2022
Психологиялық кеңес беру айлығы
Шу ауданы білім бөлімінің оқу-әдістемелік кабинеттің жылдық жұмыс жоспарына сәйкес №03-207 хаты бойынша ақпан айы психологиялық кеңес беру айлығы болып жариялануына байланысты Әлия Молдағұлова атындағы орта мектебінің психологы Жауғашева Гауһар Тасболатқызы тұлғаның дамуы оны тәрбиелеу және қалыптастыру мен әлеуметтендірудегі қақтығыстардың туындау себептерін анықтау. Жасөспірімдер арасында аутодеструктивті мінез-құлықтардың аллын алуда психопрофилактикалық, психологиялық кеңес беру жұмыстарын жетілдіру мақсатында "Болашақ бүгіннен басталады" тақырыбында айлықтың ашылу салтанатын өткізді.





