Әлеуметтік педагогтың І жарты жылдық есебі 2019-2020 оқу жылы
Ә.Молдағұлова атындағы шағын орталықты орта мектебінің әлеуметтік педагогтың ыстық тамақпен қамтылған оқушылармен
жүргізілген жұмыстардың жарты жылдық есебі
2019-2020 оқу жылы
Ә.Молдағұлова атындағы шағын орталықты орта мектебінде 2019-2020 оқу жылына жылдық жоспар жасалынып бекітіліп, тегін ыстық тамақпен қамтылған оқушылардың тізімі округ әкімімен бекітілген. Жоспарға сәйкес атқарылған жұмыстар төмендегідей. 2019 жылдың қыркүйек айынан бастап «Жалпы білім беретін мектептегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік қызмет стандарты бойынша әлеуметтік жағдайы төмен отбасы балаларынан ыстық тамақпен 1-7 сыныптар аралығында 23 оқушы қамтылған.1 сынып бойынша 7 оқушы қамтылған.
Мектебімізде ыстық тамақпен қамтылған оқушылардың аудан тізіміне еніп, 23 оқушының ыстық тамақпен қамтылған бұйрығы шықты. Осы ыстық тамақтың ұйымдастырылуы туралы бұйрығы шықты. Тамақтану сапасын мерзімдік бағалауды бракераж комиссиясы туралы және мониторинг комиссиясы туралы бұйрықтары шығарылды. Осы бұйрыққа сәйкес бракераж мониторинг комиссиясының жұмыс жоспары жасалып, бекітілді. Мектеп медағасы С.Хасенов бракераж журналын жүргізіп отырады.
Әлеуметтік жағдайы төмен отбасы балаларының «Жалпы білім қоры» есебінен әкелінетін азық түліктің сапасын қадағалау мақсатында мониторинг комиссиясы құрылды.
- Комиссия төрайымы: Қ.М.Бабасова - мектеп директоры
2. Комиссия мүшелері: Ш.С Илкибаева - тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
3. С.Хасенов - мектеп медағасы
4. Ғ.Ақсут - әлеуметтік педагог
5. Ш.Қанафинова - ата-аналар кеңесінің төрайымы
Кыркүйек айында оқушылардың дұрыс тамақтануын қадағалау мақсатында мониторинг комиссиясының жоспары жасалынып, жоспар бойынша асхана бұрышына 1 айлық ас мәзірімен тамақтану уақыты, мұғалімдердің кезекшілік кестесі, ата- аналарға ашық есік күннің кестесі жасалынып ілінді.
Қыркүйек , қазан , қараша айларында келген азық -түліктің сапасының мерзіміндері тексеріліп, акт жасалып комиссия мүшелері қол қойылып отырған. Мектептегі асхана бұрышында кезекшіллік кесте тамақтану уақыты мен әр айдың айлық ас мәзірі бекітіліп, ілінген.
Бекітілген кезекшілік кестесі бойынша сынып жетекшілер оқушылардың дұрыс тамақтануын қадағалаған әлеуметік педагог өз дәптеріне түгендеп белгілеген. Апта сайын мониторинг комиссиясы асхананың санитарлық тазалығын, азық түлік сапасы мен мерзімін,тоңазытқыштың жұмыс істеу жағдайын, ішінің таза екендігін, температурасын өлшейтін журналдың толтырылуын қадағалап тексерген. Тексеру барысында температураны өлшейтін журналдың уақытылы толтырылған. Ай сайынғы ата аналарға «Ашық есік күні» кестесі бекітіліп, асхана бұрышына ілінді. Осы айларда ыстық тамақпен қамтылған оқушылар сабақтан қалмағандығына байланысты оқушы түгендеу дәптеріне толық белгіленді. Тоқсанына бір рет оқушылардан «Тамақтану оқушы көзімен» тақырыбында сауалнамалар алынып тұрады.
15.10.2019 ж Мектеп медағасы асхана тазалығы санитарлық талаптарға сай болуын, ыдыстардың таза жуылуына 0,1% сірке қышқылы мен нан тұратын сөрелерді, пышақ тақтайды сүртіп отыру керектігін ескертілген.
Жоспар бойынша мектеп медағасы С.Хасенов оқушыларға «Ыстық тағамның оқушы денсаулығына пайдасы» тақырыбында баяндама оқыған.
24.10.2019ж Тексеру барысында тоңазытқыштың таза болуын, температурасының бақылау дәптерін уақытылы толтырылуын, азық түлік қоймасының жинақы таза болуы жөнінде комиссия төрайымы Қ.Бабасова , медағасы С.Хасеновпен аспазшыға ескертіп, күнделікті қадағалау әлеуметтік педагог Ғ.Ақсүтке жүктелген.
25.11.2019 жылы аз қамтылған отбасы балаларының ыстық тамақтың сапасын бақылау комиссиясы зерделеу мақсатында асханадағы оқушылардың тамақтануын қадағалаған. Мониторинг комиссия мүшелері күнделікті ас мәзіріне қадағалау барысында мәзірдегі көрсетілген бір балаға берілген тағам нормаға сай келген. Мысалы: бір күнгі ас мәзірдегі ас бойынша:
1.Көкөніс сорпасы -250гр
2.Нан -40гр
3.Бал- 10 гр
4.Сүт -200гр берілгендігі анықталды.
Жоспар бойынша ай сайын ыстық тамақпен қамтылған оқушыларға «Ыстық тамақтың оқушылар денсаулығына пайдасы», «Дұрыс тамақтана білесіңбе?» «Денсаулыққа пайдалы дәрумендер» тақырыбы бойынша мектеп медағасы С.Хасенов баяндамаларын дайындап оқып берді.
Сонымен қатар әлеуметтік педагог Ғ.Ақсут ыстық тамақпен қамтылған оқушылардан ай сайын ыстық тамақтың сапасын бақылау мақсатында
«Тамақтану оқушылар көзімен» тақырыбы бойынша сауалнама алынды. Сауалнама сұрағына оқушылар төмендегідей жауап берді.
1Сауалнама сұрағы:
1.Мектепте тамақтану сізге ұнады ма?
А мектепте тамақтану ұнайды
Б мектепте тамақтану ұнамайды
2.Мектеп асханасының тазалығы санитарлық гигиенаға сай ма?
А асхана тазалығы гигиенаға сай
Б асхана тазалығы гигиенаға сай емес
3.Асхана аспазшылары дайындаған тағамдар ұнайды ма?
А аспазшы тағамы ұнайды
Б аспазшы тағамы ұнамайды
4.Қандай тағамды ұнатасың
А Қуырылған тағамды ұнатамын
Б Сұйық тағамды ұнатамын
5.Сіздің мектепте тамақтанатыныңызды ата-анаңыз біледі ме?
А мектепте тамақтанатынымды ата –анам біледі
Б мектепте тамақтанатынымды ата –анам білмейді
2.Сауалнама мониторингісі:
Сауалнама қортындысы:
Мектеп асханасынан аз қамтылған және көп балалы отбасы балаларына берілетін ыстық тамақтың сапалы, дәмді, құнарлы және асханасының тазалығы талапқа сай екендігі анықталды.
Ай сайын мониторинг комиссиясы асхананың санитарлық тазалығын, азық түлік сапасы мен мерзімін, тоңазытқыштың тазалығын, температурасын өлшейтін журналдың толтырылуын, қойманың тазалығын тексеру жүргізіп тұрады.
Тексеру нәтижесі ай сайын хаттамаға түсіп, тоқсанына бір Д.Ж. кеңесте қаралып отырады.
Жоспар бойынша желтоқсан айында мониторинг комиссиясы асхананың санитарлық тазалығын, азық түлік сапасы мен мерзімін,тоңазытқыштың жұмыс істеу жағдайын, ішінің таза екендігін, температурасын өлшейтін журналдың толтырылуын қадағалап тексерді.Аз қамтылған отбасы балаларының ыстық тамақтың сапасын бақылау комиссиясы зерделеу мақсатында асханадағы оқушылардың тамақтануын қадағалап отырды.