Судағы қауіпсіздік шаралары жөніндегі жадынама » "Әлия Молдағұлова атындағы орта мектебі" КММ
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Шу ауданы білім бөлімінің
«Әлия Молдағұлова атындағы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727638) 5-4-13
Есепші бөлімі:
+7(727638) 5-40-13
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Судағы қауіпсіздік шаралары жөніндегі жадынама
31
мамыр
2019

Судағы қауіпсіздік шаралары жөніндегі жадынама

Судағы қауіпсіздік шаралары жөніндегі  жадынама


ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫН БІЛІҢІЗДЕР

  Жаз – демалуға тамаша кез. Су жағасында өзіңізге және өз денсаулығыңызға пайдалы демалу үшін суда жүзе білу, суда өзін-өзі ұстау ережелерін жақсы білу және орындай білуді үйрену керек.

  Арнайы жабдықталған орындарда: жағажайларда, бассейндерде, шомылу орындарында, шомылуға арналған  орындардың ішкі тәртібінің ережелерімен міндетті түрде алдын ала танысып, суға шомылу керек. Сапарларда шомылу үшін қатты ағыны жоқ (0,5 м/с дейін), терең емес (2 м дейін), түбі тегіс құмды немесе қиыршық тасты суы таза орынды таңдау қажет. Шомылуды күншуақты желсіз ауа-райында судың температурасы 17-19°С, ауа температурасы  20-25°С кезінде бастауға кеңес беріледі.  Суда 10-15 минут болу керек,  жүзу алдында денені алдын ала жылы сумен сүрту қажет.

            Есте сақтаңыздар:

  • Балдырлар немесе шылаулар бар шалшықтанған орындардағы суға шомылмау керек;
  • Таныс емес жерлерге жүзеге болмайды – түбінде батқан бөренелер, тастар, бұтақ ағаштар болуы мүмкін;
  • Дауылды жел ауа-райында немесе қатты соқпа толқын бар жерлердегі суға шомылуға болмайды;
  • Қайыққа жармасуға, навигациялық жабдыққа (қалқыма көрсеткіштер, тайыз жерлерді көрсетуге қойылған қалқыма белгілер және т.с.с) шығуға болмайды;
  • Өтіп бара жатқан кемелерге жүзіп баруға, жүзу аймағын шектейтін тайыз жерлерді көрсетуге қойылған қалқыма белгілерден әрі қарай жүзуге және фарватерге қарай жүзуге болмайды;
  • Егер сіздер ағысы қатты суда қалсаңыздар, оған қарсы жүзуге тырыспаңыздар, оны жеңуге күштеріңіз жетпейді; ол жағдайда ағыс бойымен, бірақ біртіндеп жағаға жақындау үшін жүзу қажет;
  • Егер су иіріміне түсіп кетсеңіздер, қорықпаңыздар, көбірек ауа жұтыңыздар, сүңгіңіздер және одан басқа жаққа бірден бұрылуға тырысыңыздар;
  • Егер сіздердің бұлшық еттеріңіз тартылса, арқамен жатыңыздар және жағаға жүзіңіздер, тартылған бұлшық етті уақалауға тырысыңыздар;
  • Көмекке шақырудан ұялмаңыздар;
  • Жалған айғайлап дабыл беруге болмайды.

  Балаларды сапарлар, қыдырулар және саяхаттар уақытында суға шомылдыру үшін қадалары, бұтақ ағаштар, өткір тастар, әйнектер, балдырлар мен лай жоқ түбі жайпақ суқоймасындағы терең емес орын таңдалады. Суға шомылу орындарын тексеруді  жақсы жүзе және сңги білетін ересек адамдар жүргізеді. Балалардың суға шомылуы ересектердің бақылауымен жүргізілуі тиіс.

  Жүзе білу – ол суда өзін-өзін сақтаудың тәсілі.

  Жақсы жүзе білу – судағы жазатайым оқиғалардан сақтанудың кепілі.

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив