Іс-шаралар » Страница 35 » "Әлия Молдағұлова атындағы орта мектебі" КММ
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Шу ауданы білім бөлімінің
«Әлия Молдағұлова атындағы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727638) 5-4-13
Есепші бөлімі:
+7(727638) 5-40-13
Нашар көрушілер
нұсқасы
Бауырсақ пати  байқауы
15
наурыз
2021
Бауырсақ пати байқауы
Күн мен түннің теңелуі 22 –наурыз Ұлыстың ұлы күнін мерекелеуге орай ұлттық  дәстүрдегі тағамдарды дәріптеу мақсатында мектебімізде 3 – 11 сыныптар арасында «Бауырсақ пати» байқауы ұйымдастырылды.Байқау нәтижесінде  I – орынды  10-11 сыныптар,II- орынды 8 сынып, III-орынды – 3 «А» сынып оқушылары иеленді.  
«Ана деген тіршіліктің тірегі"
05
наурыз
2021
«Ана деген тіршіліктің тірегі"
Ә.Молдағұлова атындағы орта мектебінде санитарлық талаптарды сақтай отырып, оқушылар бойына ізгілік,инабаттылық,адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру,ананың еңбегін ақтауға,ананы  құрметтеуге,сыйлауға тәрбиелеу мақсатында 1- 10 сыныптар арасында сынып сағаттары ,«Ана деген тіршіліктің тірегі» атты мерекелік іс-шара өткізілді.
Түнгі рейд  барысы
05
наурыз
2021
Түнгі рейд барысы
Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «Қиын бала болмайды» жобасы аясында Ә.Молдағұлова атындағы орта мектебінің тәрбие ісі – жөніндегі орынбасары Ш.Илкибаева,ұлдар ұйымының жетекшісі Ғ.Ақсут,педагог – ұйымдастырушы А.Молдақайса жасөспірімдер арасында қаңғыбастық пен құқықбұзушылықты болдырмау мақсатында түнгі рейдтік жұмыстарын жүргізді.Рейд барысында ешқандай келеңсіз оқиға тіркелмеді,түнгі 22.00 – ден кейін көшеде жүрген оқушылар кездеспеді.
Жігіт сұлтаны 2021  байқауы
02
наурыз
2021
Жігіт сұлтаны 2021 байқауы
Ә.Молдағұлова атындағы орта мектебінде Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай оқушыларға халқымыздың ғасырлар бойы келе жатқан әдет – ғұрып,салт-дәстүрін дәріптеу мақсатында 2-9 сыныптар арасында қашықтықтан   «Жігіт сұлтаны» байқауы ұйымдастырылып,жеңімпаздар мақтау қағазымен марапатталды.
«Татулық достықтың киелі бесігі» тақырыбында сынып сағаты
15
ақпан
2021
«Татулық достықтың киелі бесігі» тақырыбында сынып сағаты
Әлия Молдағұлова атындағы орта мектебінде  Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай,Қазақстан Республикасындағы халықтардың ынтымықтастықпен,бірлікпен,татулықпен өмір сүріп жатқандығын үлгі ету мақсатында 2 сынып жетекшісі А.Әбдіқадыр «Татулық достықтың киелі бесігі» тақырыбында сынып сағатын өткізді.
Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 32 жыл
12
ақпан
2021
Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 32 жыл
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, биылғы жылы Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 32 жыл толып отыр. Ауған соғысы – жүректе жазылмайтын, тарихта орын алатын ерекше беттер.Отан үшін жанын қиған ержүрек батырларымызды мәңгі есте сақтап құрметтеу, кейінгі ұрпаққа ерліктерін дәріптеп, насихаттау әрбір азаматтың қасиетті борышы. Ауған соғысының ардагерлерін құрметтеу,жас ұрпақтың патриоттық сезімдерін оятып,Отан үшін отқа түсіп қыршынынан қиылған,жат жерде көз
Қорытынды аттестаттау және ҰБТ-ге дайындау бойынша ШТАБ отырысы
08
ақпан
2021
Қорытынды аттестаттау және ҰБТ-ге дайындау бойынша ШТАБ отырысы
Әлия Молдағұлова орта мектебінде мектеп бітіруші түлектермен қорытынды аттестаттау мен ҰБТ-ге дайындық жұмыстары бойынша ШТАБ отырысы болды Штаб отырысында: 1. Оқушыларды ҰБТ-ге дайындаудағы тиімді әдіс-тәсілдер; 2.Сынама тест қорытындысы бойынша пән мұғалімдерінің талдауы қаралды. Пән мұғалімдері  сынама тест нәтижелеріне талдау жасап, оқушылардың білім сапасын арттыру мақсатында өз тәжірибелерімен бөлісті. Мектеп психологы Г.Жауғашева қорытынды аттестаттау және ҰБТ-ге қатысатын оқушылармен
«Елтаңбамыз айқын,Байрағымыз биік,Әнұранымыз асқақ» тақырыбында мәнерлеп оқу байқауы
04
ақпан
2021
«Елтаңбамыз айқын,Байрағымыз биік,Әнұранымыз асқақ» тақырыбында
Мемлекеттік рәміздер-еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін паш ететін нышандар.Бұл рәміздер біздің мемлекетіміздің өткені,бүгіні мен болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі.Осы мемлекеттік рәміздерді айшықтау мақсатында 4 – 7 сыныптар арасында «Елтаңбамыз айқын,Байрағымыз биік,Әнұранымыз асқақ» тақырыбында мәнерлеп оқу байқауы өткізіліп,5 сынып оқушылары Бестерекбай Дулат Бас жүлде, Нәдірбек Балым 1 орын,6 сынып оқушылары Нәдірбек Айсұлу 2 орын,Әбдіқадыр Жанерке 3 орынды
«Адамды досына қарап таны» тақырыбында сынып сағаты
28
қаңтар
2021
«Адамды досына қарап таны» тақырыбында сынып сағаты
Әлия Молдағұлова атындағы шағын орталықты орта мектебінде 5 сынып жетекшісі Г.Уәлиева оқушылармен достық туралы ой - пікірлерін дамыту,достықты қадірлей білуге тәрбиелеу,адал дос таба білуге баулу мақсатында «Адамды досына қарап таны» тақырыбында сынып сағатын өткізді.
«Достықты қадірлейік»
27
қаңтар
2021
«Достықты қадірлейік»
Әлия Молдағұлова атындағы шағын орталықты орта мектебінде  9 сынып жетекшісі Г.Бекетаева «Достықты қадірлейік» тақырыбында оқушыларға адамның бойында болатын достық сезімді бойларына сіңіру,досқа деген адалдық,шексіз ықылас сезімдерін бағалай білуге және адал достықты жалған достықтан айыра білуге тәрбиелеу мақсатында дөңгелек үстел өткізді.