Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 32 жыл
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, биылғы жылы Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 32 жыл толып отыр. Ауған соғысы – жүректе жазылмайтын, тарихта орын алатын ерекше беттер.Отан үшін жанын қиған ержүрек батырларымызды мәңгі есте сақтап құрметтеу, кейінгі ұрпаққа ерліктерін дәріптеп, насихаттау әрбір азаматтың қасиетті борышы. Ауған соғысының ардагерлерін құрметтеу,жас ұрпақтың патриоттық сезімдерін оятып,Отан үшін отқа түсіп қыршынынан қиылған,жат жерде көз жұмған Қазақстан азаматтарын еске алу,жауынгерлердің қысқа ғұмырынан үлгі-өнеге,тарихи тағылым беру мақсатында ауылымыздағы Ауған соғысының ардагері Көкеев Мұхтар Асқарұлы ағамызбен онлайн дөңгелек үстел өткізілді.Оқушылар көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып,жыр шумақтарын арнады.

