29
мамыр
2023
«Тарихтан тағылым – өткенге тағзым»
Әлия Молдағұлова атындағы орта мектебінде 31 мамыр қуғын – сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай 1 – 11 сынып жетекшілері «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» тақырыбында сынып сағаттарын өткізді.Бұл күн қазақ халқының жанына жара салған уақытты еске алу,аза тұту күні екенін естен шығармаған жөн.Осы бір зұлмат жылдарда Сталиндік лагерде тұтқында отырғандар қайғы жұтып ұлт зиялыларынан айырылдық.Тек өткенге салауат айтып халқымыздың әр өткен оқиғасын жас ұрпаққа жете түсіндіріп,ұлтжанды азаматтар тәрбиелеу басты парызымыз.













