17
қазан
2022
"Собачий кайф" ойынының қауіптілігі жайында түсіндірме жұмыстары
Әлия Молдағұлова атындағы орта мектебінің инспекторы Шу АПБ-нiң ЖПҚБ ЮПТ полиция капитаны Асылбаев Нуркен Мейрамбекович, директордың тәрбие ісі-жөніндегі орынбасары Ш. С. Илкибаева, мектеп психологы Жауғашева Гауһар Тасболатқызы ұйымдастырумен 8-11 сынып оқушылар арасында қауіпті ойындардың алдын алу мақсатында "Собачий кайф" ойынының қауіптілігі жайында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сынып жетекшілеріне үзіліс уақытында оқушыларды қатаң бақылауға алу қажет екендігі ескертілді. Аталған ойындар туралы қосымша ақпараттар беріліп, ата-аналарға ескертіліп айтылды.

