«Ақын – елдің ардағы» тақырыбында кездесу » "Әлия Молдағұлова атындағы орта мектебі" КММ
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Шу ауданы білім бөлімінің
«Әлия Молдағұлова атындағы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727638) 5-4-13
Есепші бөлімі:
+7(727638) 5-40-13
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Ақын – елдің ардағы» тақырыбында кездесу
22
сәуір
2022

«Ақын – елдің ардағы» тақырыбында кездесу

Әлия Молдағұлова атындағы орта мектебінде «Жомарт түлек» жобасы аясында Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері,айтыскер  -  ақын,ауылымыздың тумасы Асқартегі Базарбай Мамытұлымен «Ақын – елдің ардағы» тақырыбында кездесу өткізілді.Кездесуге мектебіміздің 5 – 11 сынып оқушылары қатысты.

Кездесуде  Базарбай Асқартегі өзінің ауылына арнаған «Ауылым» 

Таза ауа дәрусің,

Жағаң жайлау жерің шым.

Кеңітер тыныс кең далам,

Жәннәтім менің өзіңсің.

Сайран құрған сауығым,

Бөлтірік би ауылым.

Сендер деп соғат жүрегім,

Ағайын туыс бауырым...... деп жүрек жарды ән шашуымен сөзін бастап,оқушылар көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып,мағынасы терең жауаптар алды.Оқушыларымыз ақын ағамыздың туындыларынан өлеңдерін оқып,ән шашуларын тарту етті.

Кездесу соңында мектеп директоры Қ.М.Бабасова «Ақынын құрметтеген ел озады, ақынын сыйламаған ел тозады» дегендей,сізге қалай құрмет көрсетсек те артықшылық етпейді- дей келе,бізді сусындатар сарқылмас мәңгі жырларыңыздың алдында басымызды иеміз. Жыр әлеміндегі туындыларыңыз ешқашан сарқылмасын.Сүйіп тыңдар оқырмандарыңыз көп болсын – деп рахметін жеткізді.

Оқушыларға «Мен жастарға сенемін», — деп  М.Жұмабаев айтқандай, аға буынның сенімін ақтайтындай парасат-пайымы биік азамат боп өсейік – деп өз сөзін қорытындылады.




Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив