09
қараша
2021
Ескертпе хабарландыру!
Әлия Молдағұлова атынадағы орта мектебінің психологы Жауғашева Гауһар Тасболатқызы 1-11 сынып оқушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, аутодеструктивті мінез-қүлықтың алдын алу мақсатында: Құрметті ата-аналар! Ескертпе хабарландыру! Өздеріңіздің балаларыңыздың қауіпсіздігi мақсатында, ұялы телефондарын әрдайым бақылауда ұстаңыздар! Себебі ұялы телефон арқылы ИГРА В КАЛЬМАРА деген атаулы әлеуметтік желi арқылы, балалардың өзiне қол жұмсауға итермелейтiн, яғни суицид жасауға бағыттайтын мәтінде ВАТЦАП әлеуметтік желісі арқылы
аудио-видео жазбаларымен балаларға, жасөспiрiмдердiң өмiрлерiне қауіп төніп тұрғандығын хабарлаймыз! Аталған ойында, сіздің балаңызға шегi белгiciз тапсырмалар беріп, психологиялық керi әсерін беріп, суицидке итермелейді! Сондықтан әркім өз баласының қолданысындағы ұялы телефондарын күнделікті тексеріп, шектеу қою қажет екендігін қатаң түрде ескертемiз!