08
желтоқсан
2018
Волейболдан турнир-2018
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» аясында «Білімнің салтанат құруы». «Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу үшін, өскелең ұрпақты тәрбиелеуде салиқалы, салауатты өмір салтын насихаттау – аталған бағдарламаның іске асуына серпіліс беретін тетіктердің бірі. Осыған орай, 2018 жылдың 8 желтоқсан күні Әлия Молдағұлова атындағы шағын орталықты орта мектепте ұзақ жылдар ұстаздық етіп жас ұрпақты тәрбиелеуде елеулі үлес қосқан Махат Шыныбайұлының 90 жасқа толуына орай ұстаздар арасында аймақтық волейбол жарысы ұйымдастырылды. Турнирге 4 мектеп (Жамбыл, Мәметова, Ғабдуллин, Молдағулова)қатысып, турнир қорытындысы бойынша І орын Ғабдуллин мектебі, ІІ орын Жамбыл мектебі, ІІІ орын Мәметова мектептері жүлделі орындарға ие болып бағалы сыйлықтармен марапатталды.








