22
қазан
2018
"Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" бойынша киелі жерге саяхат
2018 жылғы қазан айының 20 қазан күні "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" аясында Ә.Молдағұлова атындағы шағын орталықты орта мектебі ұстаздары мен оқушылары "Қазақстанның киелі жерінің географиясы" жобасы бойынша қасиетті Түркістан жеріне Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың "Біздер тәуелсіз қазақ елінің әрбір еркін азаматы, ел боламыз десек, өзге бауырлас елдермен тереземіз тең болсын десек, онда біз міндетті түрде ата-тарихымыздың куәсі, еліміздің тұмары, өркениетіміздің жәдігері болған ата мұраларымызды айрықша қастерлеуіміз керек, біз оларды келешек ұрпақ үшін көздің қарашығындай қорғауға тиіспіз" деген мақсатта оқушылар ата-бабамыздың қасиетті, киелі жерлеріне мінажат етіп, өз көздерімен көріп, бойларына патриоттық сезім ұялап, ерекше әсер алып қайтты.








