Абай күні » "Әлия Молдағұлова атындағы орта мектебі" КММ
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Шу ауданы білім бөлімінің
«Әлия Молдағұлова атындағы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727638) 5-4-13
Есепші бөлімі:
+7(727638) 5-40-13
Нашар көрушілер
нұсқасы
10
тамыз
2023

Абай күні

⚜️ 10 ТАМЫЗ - АБАЙ КҮНІ

🔷 Абай күні – қазақтың ізгілік пен ізденіс, өркениет пен жаңғыру жолына басқан тағы бір айқын қадамы.
Бұл мерейлі күнде ұлы Абайдың аты жаңаша асқақтап, мәртебе-мерейі жаңа биікке көтеріледі. Хәкім Абайдың бай мұрасын, дана болмысын, дара тұлғасын асқақтату, жаңа биікке шығару бір күнге байланып қалмасы белгілі.

🔷 Қазақтың ұлықтар ақыны мен абызы көп. Десе де ең алдымен Алаш баласының рухани құбыласы, халқымыздың ең ұлы перзенті мен ең дана ұстазына айналған Абайды құрметтеу негізгі міндет.

🔷 Абай ғұлама, ойшыл, ақын, ағартушы, ұлттың жаңа әдебиетінің негізін қалаушы, аудармашы, композитор ретінде ел тарихында өшпес із қалдырды. Сондықтан Абай мұрасын зерделеу – Абайға деген құрмет әрі ұрпақты тәрбиелеудің тиімді тәсілі.
Хәкім еңбектері ұлтты жаңғыртуға жол ашатын рухани бастау. Демек Абай тағылымына тағзым ету – Рухани жаңғырудың даңғылына түсу. Рухани жаңғырудың даңғылында хәкімнің өнегелі өсиеті бізге бағдаршы болары даусыз. Себебі ұлы ойшыл осыдан бір ғасырдан астам уақыт бұрын ұлтты жаңғыруға, жаңаруға, жаңа өмірге бейім болуға шақырған. Яғни Абайды ұлықтау арқылы бүкіл руханият жаңғырады.
🔷 Абай айтқан бес асыл істің бірі – еңбек. Хәкім халықты ғылым, біліммен қатар өнер үйренуге көп үндеді. Өлеңдерінде еңбексіз тапқан олжаның құтсыздығын, адал еңбек тіршіліктің тұтқасы екенін көркем жеткізді. Сонымен бірге тіршіліктің діңгегі татулық, достық екенін анық аңғартты.
🔷 Бізге жол көрсетіп тұрған жарық шамшырақтай болған Абай тұлғасы жарқырай түссін! Бұл күн бірлігі бекем қазақ даласын татулыққа шақыратын, адамгершілікке үндейтін, қастерлі күнге айналсын!




Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив