19
мамыр
2022
🔰 IV РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АБАЙТАНУ»ОЛИМПИАДАСЫНның ЖЕҢІМПАЗЫ
🔰 IV РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АБАЙТАНУ»ОЛИМПИАДАСЫНДА ТОП ЖАРҒАН
Ағымдағы жылдың 19 мамыр күні ұлттың ұлылығын ұлықтаған дана Абайдың шығармашылық мұрасын бүгінгі күн тұрғысынан жаңаша дамытып, болашаққа саф алтындай құнды күйінде жеткізу, ұлы ақынның бай мұрасын жас ұрпақ санасына терең әрі жан-жақты сіңіріп, өнеге мен тәрбиенің алтын қазығына айналдыру мақсатында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен 9-11 сынып оқушылары арасында «Абайтану» шығармашылық олимпиадасының республикалық кезеңі Алматы қаласы, Абай атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты базасында өтті.
Олимпиада екі айналым бойынша өткізілді:
Бірінші айналым – Абай қарасөздері мен поэзиясы негізінде дайындалған тақырыптың біріне эссе жазады;
Екінші айналымда – М.Әуезовтың "Абай жолы" романыны бойынша: М.Әуезовтің «Абай жолы» романынан алынған үзіндінің қай тарау, бөлімнен алынғанын айтып, мазмұнын жалғастырады және роман мазмұнынан «сократтық» сұрақтарға жауап береді.
🔹 Ұлы ақынның рухани мұрасын дәріптеу, шығармашылығын ұғыну мақсатын көздеген «Абайтану» шығармашылық олимпиадасына Жамбыл облысынан 7 оқушы қатысып, бақ сынасты.
Республикалық олимпиаданың қорытындысы бойынша
🔹 ІІІ орын жүлдегері – Шу ауданы, Ә.Молдағұлова атындағы орта мектебінің 11 сынып оқушысы Әбдіқадір Жанерке иеленді.


