Математика, информатика айлығының ашылуы
Шу ауданы білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің кестесіне сай Әлия Молдағұлова атындағы орта мектебінде «Әлем бейнеленген нақты ғылымдар» атты математика және информатика бірлестігінің айлығының ашылу салтанаты болды.Оқушыларға математика, информатика ғылымдарына қатысты сұрақтар қойып, шашки ойынын ойнап, оқушыларды аталған пәндерге қызығушылықтарын арттыруға бағытталған тапсырмалар болды. "Математика және информатика" айлығының ашылуы өз дəрежесінде өтті.