Іс-шаралар » Страница 16 » "Әлия Молдағұлова атындағы орта мектебі" КММ
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Шу ауданы білім бөлімінің
«Әлия Молдағұлова атындағы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727638) 5-4-13
Есепші бөлімі:
+7(727638) 5-40-13
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Өшпес ерлікке мәңгі тағзым»
15
ақпан
2023
«Өшпес ерлікке мәңгі тағзым»
Әлия Молдағұлова атындағы орта мектебінде Ауған жерінен Кеңес әскерінің шығарылғанына 34 жыл толуына орай оқушыларға Ауған соғысы жайлы толық мәлімет беру,өз Отанына шексіз берілген,патриоттық рухы жоғары,қайсар жауынгер ағалардың ерлігін үлгі ету мақсатында 1 – 11 сыныптар арасында «Өшпес ерлікке мәңгі тағзым» тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді.
«Ауғанның отты жылдары»
15
ақпан
2023
«Ауғанның отты жылдары»
Әлия Молдағұлова атындағы орта мектебінде Ауған жерінен Кеңес әскерінің шығарылғанына 34 жыл толуына орай «Ауғанның отты жылдары» атты Ауған соғысының ардагері Жансейітов Әсет Тұрғанұлымен кездесу кеші ұйымдастырылды.Кеште оқушыларымыз ауған соғысының ардагеріне сұрақтар қойып,өзінің бастан кешкен оқиғаларымен бөлісті.Әсерлі әңгімеміз мерекелік кешпен жалғасты.
Ондық санды " көбейту  мен бөлу  " ашық сабақ
15
ақпан
2023
Ондық санды " көбейту мен бөлу " ашық сабақ
Әлия Молдағұлова  атындағы орта мектебінде Математика, информатика пәндерінің айлығына сәйкес 15.02 күні "Ондық санды " көбейту  мен бөлу  " тақырыбында 5 сыныппен  Е.Таңатбаев  ашық сабақ  өткізді.
"Баршаға бақыт тілейміз" тақырыбында эссе жазу байқауы
15
ақпан
2023
"Баршаға бақыт тілейміз" тақырыбында эссе жазу байқауы
Әлия Молдағұлова атындағы орта мектебінің психологы Жауғашева Гауһар Тасболатқызы 1-4 сынып оқушылары арасында "Баршаға бақыт тілейміз" тақырыбында эссе жазу байқауын ұйымдастырды. 5-7сынып оқушылары арасында  "Мен кеше, мен бүгін, мен ертең" тақырыбында эссе жазу байқауын ұйымдастырды.
«Табиғатты қорғау ортақ іс»
13
ақпан
2023
«Табиғатты қорғау ортақ іс»
Әлия Молдағұлова атындағы орта мектебінде тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес   5 «ә» сынып жетекшісі А.Айдаркулова оқушыларға табиғатты қорғауға,аялауға,қоршаған ортаны таза ұстауға тәрбиелеу мақсатында «Табиғатты қорғау ортақ іс» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.Сабақ барысында топқа бөліп,бейнеролик көрсетіліп,табиғат туралы өлеңдер оқылды. «Табиғатпен тілдесейік» әдісі арқылы сурет бойынша әңгіме жазып, «Еркін микрофон» әдісі арқылы сабақты қорытындылады.Сабақ жоғары деңгейде өткізілді.
"Мектепішілік бақылау-басқару жоспарының іс-жүзінде жүзеге асырылуы" тақырыбында семинар
09
ақпан
2023
"Мектепішілік бақылау-басқару жоспарының іс-жүзінде жүзеге асырылуы"
Шу аудандық білім бөлімі әдістемелік кабинетінің жылдық іс-жоспарына сәйкес Әлия Молдағұлова атындағы орта мектебінде  "Мектепішілік бақылау-басқару жоспарының іс-жүзінде жүзеге асырылуы" тақырыбында орта және негізгі білім беру мекемелерінің оқу-ісі жөніндегі орынбасарларына арналған аудандық семинар-практикум өткізілді.  
Мектеп директорының кәсіподақ  есебі
06
ақпан
2023
Мектеп директорының кәсіподақ есебі
Әлия Молдағұлова атындағы орта мектебінде 2021-2023 жылдарға жасалған ұжымдық шарттың орындалуы туралы кәсіподақ ұйымының есеп беру жиналысы өткізілді. Жиналысқа 61 кәсіподақ мүшесінің 50-і қатысты. Жиналысқа мүшелердің 80 пайызы қатысып отырғандықтан бірауыздан қолдау тауып мектептегі ұжымдық шарттың орындалуы,  мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары З.Диханбаева мектептің жеткен жетістіктері туралы слайд арқылы мәлімет берді.  Осы уақытқа дейін кәсіподақ ұйымының жұмысын тиімді
"Баршаға шаттық тілейміз!" тақырыбында психологиялық кеңес беру айлығы
02
ақпан
2023
"Баршаға шаттық тілейміз!" тақырыбында психологиялық кеңес беру айлығы
Әлия Молдағұлова атындағы орта мектебінің психологы Жауғашева Гауһар Тасболатқызы оқушылар мен ұстаздар арасында мейірімділікке баулу, жақсылық жасап жарысу арқылы айналасына шаттық, қуаныш, шуақ шашып жүруге үйрету мақсатында "Баршаға шаттық тілейміз!" тақырыбында психологиялық кеңес беру айлығының ашылуын өткізді.
«Қыс мезгіліндегі қауіпсіздік ережелері» тақырыбында бірыңғай сынып сағаттары
24
қаңтар
2023
«Қыс мезгіліндегі қауіпсіздік ережелері» тақырыбында бірыңғай сынып
Әлия Молдағұлова атындағы орта мектебінде оқушылардың қыс мезгілінде үйде,көшеде,табиғатта қауіпсіздік ережесін сақтай білу жөніндегі білімдерін бекітіп,өз қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға,қауіпсіздік ережелерін сақтай білуге тәрбиелеу мақсатында  1 – 11 сыныптар арасында «Қыс мезгіліндегі қауіпсіздік ережелері» тақырыбында бірыңғай сынып сағаттары өткізілді.
"Мен өз болашағымды өзім құрастырамын" тақырыбында  психологиялық тренинг
13
қаңтар
2023
"Мен өз болашағымды өзім құрастырамын" тақырыбында психологиялық
Әлия Молдағұлова атындағы орта мектебінің психологы Жауғашева Гауһар Тасболатқызы  мемлекеттік қорытынды аттестаттауға  баратын 11 - сынып оқушылары арасында   бойындағы мазасыздану, қобалжу, үрейді азайтып сәттілікке бағыттау, ерік – жігерін өз қабілетін дамыту. Өздеріне деген сенімділігін арттыру және жағымды көңіл – күй қалыптастыру мақсатында "Мен өз болашағымды өзім құрастырамын" тақырыбында  психологиялық тренинг өткізді.