13
қараша
2024
«Ақпараттық қауіпсіздік» тақырыбында ақпараттық сабақ
Әлия Молдағұлова атындағы орта мектебінде «Әлемді билеген интернет» іс-шара жоспарына сәйкес 13 қараша күні оқушылардың интернет қауіпсіздігінің алдын алу, құқықтық сауаттылығын арттыру, интернет әсерін түсіну деңгейін арттыруға бағытталған ақпараттарды жеткізу мақсатында информатика пәні мұғалімі А. Е. Тогузаков 7-8 сыныптар арасында «Ақпараттық қауіпсіздік» тақырыбында ақпараттық сабақ өткізді. Оқушылар 3 топқа бөлініп, берілген тапсырмалар арқылы интернеттің пайдасы мен зияны, ортақ пайдасы туралы постер жасап, өздерінің ойларын ашық айтып, қорғап шықты. Қазіргі таңда ғаламтордың пайдасын көріп, зиянынан сақтанайық деп қорытынды жасалды.
