01
маусым
2023
Соңғы қоңырау 2023
Әлия Молдағұлова атындағы орта мектебінде 2022 – 2023 оқу жылындағы «Болашаққа бастар жол!» тақырыбында соңғы қоңырау салтанатты жиыны өткізілді.Салтанатты жиынға ауыл әкімі Н.Сұлтанбаев,ақсақалдар алқасының төрағасы А.Бишалов,ардагер ұстаздар қатысты. Мектеп директоры А.Е.Тогузаков ұстаздарды,ата – аналарды,оқушыларды мерекемен құттықтап,үздік оқып аяқтаған оқушыларды мақтау қағаздарымен марапаттап,мектеп бітіруші түлектерімізге алдағы қорытынды аттестаттау емтихандарын және ҰБТ – ді сәтті өткізулеріне шын жүректен тілектес екенін білдірді.
Түлектерге сәт,сапар тілейміз!
Мереке құтты болсын!


















