04
маусым
2022
"4 маусым- Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күні"
4 маусым - Мемлекеттік рәміздер күні
Бүгін "4 маусым- Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күні" мерекесіне орай Шу ауданы Әлия Молдағұлова атындағы орта мектебінің қызметкерлері мен оқушылары бір мезгілде Қазақстан Республикасының Гимнін орындады.
1992 жылғы 4 маусымда тәуелсіз Қазақстанның жаңа Мемлекеттік рәміздері алғаш рет бекітілді. Бұл күн еліміздің тарихында мемлекеттік рәміздерді қалыптастыру күні ретінде мәңгі қалады. Мемлекеттік рәміздер (Мемлекеттік Ту, Елтаңба және Гимн) - кез келген мемлекеттің негіздерінің бірі.
Баршаңызды мемлекеттік рәміздердің 30 жылдығымен шын жүректен құттықтаймыз, өйткені бұл-ұлт бірлігінің мерекесі, ел Тәуелсіздігінің құндылықтары мен жетістіктерін насихаттау.
Осы жарқын, мерекелік күнде амандық, бақыт, бейбітшілік пен жақсылық тілейміз! Отанымыз-Қазақстанымыз гүлдене берсін, оның тәуелсіздік туы биік болсын!



