03
ақпан
2025
Қамқоршылық кеңес құру туралы
ХАБАРЛАНДЫРУ!!!
Шу ауданы, Бөлтірік ауылы Әлия Молдағұлова атындағы орта мектебі «Білім беру ұйымдарында Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидалары» негізінде Қамқоршылық кеңестің құрылатындығы және оның құрамы бойынша өтініштер қабылданатындығы туралы хабарлайды.
Қамқоршылық кеңес құрамына мыналар кіреді.
1) осы білім беру ұйымындағы білім алушылардың ата-аналары немесе заңды өкілдері (әрбір сынып параллельінен осы білім беру ұйымындағы білім алушылардың бір ата-анасы немесе заңды өкілі) – 11 адамнан аспайды;
2) педагогикалық еңбек ардагерлері (бар болса) – 1 адам;
3) жергілікті өкілді және/немесе атқарушы, және/немесе құқық қорғау органдарының өкілдері – 1-3 адам;
4) үкіметтік емес (коммерциялық емес) ұйымдардың өкілдері – 1-2 адам;
5) қайырымдылық жасаушылар және/немесе меценаттар (бар болса) – 1-2 адам;
6) бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері (бар болса) – 1 адам;
7) оқушылық өзін-өзі басқару органдарының өкілдері – 1-2 адам.
Қамқоршылық кеңеске мүше болуға үміткерлердің жазбаша келісімі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі №355 бұйрығымен бекітілген. «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидалары»
Әлия Молдағұлова атындағы орта мектебі әкімшілігі
3 ақпан 2025 жыл
Анықтама телефоны: 5-40-13